"Окей" деймін деп, таяқ жеп қалмаңыз.

Бас бармақ пен сұқ саусақты дөңгелетіп, қалған саусақтарды тіке ұстайтын «ок» белгісі бәрі жақсы дегенді көрсетеді. Сондай-ақ, кәсіби дайверлер суға бату процессі еш қиындықсыз өтіп жатқанын осылай хабарлайды.

Ал Бразилияда бұл белгіні мүлде қолдануға болмайды. Себебі ол біреуге ортаңғы саусақты көрсеткенмен бірдей.

Бұл елде осы ишаратты АҚШ-тың 37-ші президенті Ричард Никсон көрсетем деп басы бәлеге қалды. Тік ұшақтан шыға салып, ол бәріне “окей” деген. Жиналған адамдар ашуланып, президентке наразылық білдірген.