Жәндік қанатының астындағы санның құпиясы қандай?

Мына жәндіктің қанатының астында цифрларды көріп тұрсыңдар ма?
Қара түсті жәндіктің арқасында 36 деген сан көрінетін сияқты. Әлдекімдер мұны "Билл Гейтстің" улайтын масасы» деп жүр.


Ал бұл негізі ешқандай да маса емес, біте екен. Бұл – өсімдік шырынын қорек ететін зиянды ұсақ жәндік.
Бұл жәндіктер қара көлденең жолақтары бар бозғылт жасыл немесе бозғылт сары түсті келеді. Арқасында қара дақ іспетті табиғи бояуы болады. Кейбірінде түсі біркелкі емес, үзік-үзік болуы мүмкін. Содан оның денесінде өрнектер мен тіпті цифрларға ұқсайтын дақтар болады.


Ал Билл Гейтстің масаларына келсек, мұндай жәндіктер шынымен де бар. Бірақ олар адамды улауға емес, қорғауға арналған. Гейтстің масаларында нөмірлер жоқ. Зик вирусы, денге безгегі, сары безгек сияқты ауруларды адамға тасымалдамауы үшін ғалымдар оларға бактерия жұқтырып қояды. Осының арқасында кейбір аурулардың таралуы еселеп қысқарған.