18 жасқа толған соң берілетін 3 мың доллар ақша туралы естідіңдер ме?

Тоқаевтың жолдауда айтқан жаңалығы осы болды. Бірақ желіде бұл ақша тек енді ғана дүниеге келген балаларға берілетіні туралы қате түсінік пайда болған.


Бұл туралы Тоқевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай түсіндіріп берген. Ол 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылатынын мәлімдеді. Ал шот ашу 2024 жылы басталады.


Сөйтіп, балалар кәмелет жасына толғанша қаржы түсіп тұрады. Шоттардағы қаражат шетел валютасында болады. Сонымен қатар, жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляция қорғауға мүмкіндік береді.