Безбүйрек ана өз балаларын суға тұншықтырған

Анасы өзінің үш баласын Сайранға апарып, суға тұншықтырған. Осы аптада болған бұл жаңалық қазақстандықтардың жағасын ұстатты.


Абырой болғанда, құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды - олар үш баланы судан алып шықты. Балалардың ең үлкені төрт жаста, кішісі бір жастан енді асқан.

Балалар дәрігерлердің қолына тапсырылды. Ал оларды өлтіруге тырысқан анасы әрекетін жоқшылықтан деп түсіндіріпті. 26 жастағы келіншек отбасымен Алатау ауданындағы 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Жолдасы түрмеде қызмет етеді. Өзі 3 баламен үйде отыр. Төртінші баласына жүкті көрінеді. Енді оның ісін полиция тергеп жатыр.