Кенеттен миллионер атанған адамдар

Кей адамдар туған сәтінен бастап жолы болғыш. Бүгінгі кейіпкерлеріміз солардың қатарында. Өйткені кейбірі ойламаған жерден миллионер боп шыға келген.

Мысалы, 2016 жылы Гленда Блэкуелл есімді америкалық әйел лотерея билеттері бос шығын екенін күйеуіне дәлелдеу үшін билет сатып алады. Нәтижесінде ол 1 миллион доллар ұтысқа ие болады.

Ұлы тоқырау кезінде Флорида штатындағы шағын қаланың банкирі тұрғындарды Coca-Cola акциясын сатып алуға көндірген. Кейін қала халқының саны бойынша әлемдегі ең бай қала атанды. Қазір ол аймақта кемінде 67 миллионер тұрады.

1992 жылы ағылшын зейнеткері жоғалған балғаны іздеу үшін металл детекторын пайдаланады. Нәтижесінде 15 234 дана ежелгі рим тыйынын тауып алған. Ағылшын үкіметі оған жер иесі ретінде 1,75 миллион фунт төлейді.