Дене шынықтыру пәні мұғалімдері қысқара ма?

Бұдан былай дене шынықтыру пәні ұл мен қызға бөліп оқытылмайтын болды. Демек, бұрын бір сабақта екі мұғалімнен жұмыс істеп, сағат саны көп болса, енді азаяды. Осыған байланысты мұғалімдер қысқартуға ұшыраймыз ба деп алаңдаған. Бірақ оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жағдайды түсіндіріп берді. Оның айтуынша, мұғалімдер бұған дейін 1,7 және 2 мөлшерлемемен жұмыс істеп, көбірек жалақы алған. Енді орташа мөлшерлеме 1,2 болады. Мұның бәрі, министрдің сөзінше, санға емес, сапаға жұмыс істеудің амалы. Демек, мұғалімдер қысқартуға ұшырамайды, тек жүктеме сағаттары қысқарады.