ZoomDastar: Шетелдегі қазақтар коронавирус туралы

Жер шары тұрғындары біріге COVID-19 індетімен күресіп жатыр. Осы уақытқа дейін әлемде 3 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Massaget.kz шетелде оқитын, тұратын қазақ жастарына байланысқа шығып, сұқбаттасқан болатын. 

Ондағы мақсат – төтенше жағдай, карантин шарасы, әлеуметтік көмек сынды мәселе ZoomDastar тұрып жатқан елде қалай көрініс тапқанын білу.

Ендеше, АҚШ-тағы митингтер, Катардағы темір тәртіп, Франциядағы ерекше ережелер, Кореядағы супер тест, салты өзгерген Италия туралы шығарылымды бастаймыз. Кеттік!