- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Зерек жастарға арналған...
Зерек жастарға арналған екі жұмбақ
Бірінші жұмбақ: Ат пен қашыр
Ауыр жүк артылған ат пен қашыр қара жол үстінде қатар келе жатады. Үстіне артылған жүгінің қатты ауыр екенін айтып, ат қатты налиды:
– Сен несіне ренжіп келесің? – дейді оған қашыр. – Егер сенің үстіңдегі бір қапты менің арқама артса, онда менің жүгім сенікінен екі есе ауыр болып кетер еді.
– Ал егер мен сенің үстіңдегі қапты алсам ше? – деп сұрайды ат.
– Онда екеуміздікі тепе-тең шығар еді, – дейді қашыр.
Айтыңдаршы, данышпандар, ат үстінде және қашыр үстінде қанша қаптан жүк болған?
Жауабы: Ат үстінде бес қап, қашырда жеті қап.
Екінші жұмбақ: Бес саулық
Ауыл ақсақалының төрт ұлы болыпты. Олардың үшеуі өз алдына отау тігіп кеткен екен. Ақ сақалды кісі төртінші баласын үйлендіріп, оның алдына бес саулық салып беруді ойластырады.
Бір күні ол үш ұлының үйлеріне барып, бəрінің қойы 41 бас екенін біліп қайтады да, оларды шақырып алып: «Əрқайсың өздеріңдегі қойды төртке бөліп, бөлінбей қалғанын кенже інілеріңе беріңдер» – дейді.
Үш жігіт қойларын әке айтуынша бөліп, бөлінбей қалғанын інісіне әкеліп береді. Сөйтіп кенже жігіт бес саулыққа ие болады.
– Екеуіңнің қойың менікінен артық еді, енді теңесті, – дейді қой берген үш жігіттің бірі өзгелеріне. Бұл үшеуінің қойлары алғашында қаншадан болған?
Жауабы: Үш жігіттің біреуінде он үш, қалған екеуінде он төрттен қой болған.
М. Оңғарова