Терминдерді қолданудың ерекшеліктері

Терминдерді қолданудың ерекшеліктері

Бұл жолғы жазбамызда терминдерді қолданудың ерекшеліктері туралы айтамыз. Әдетте, термин сөздер белгілі бір саланың мамандарының арасындағы қарым-қатынас кезінде, ғылыми академиялық еңбектер жазуда қолданылады. Бірақ біз ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, кейбір ұғымдар мен идеяларды қарапайым халыққа жеткізу, түсіндіру проблемалары туындайды. Сол саланың мамандары болмаса, халық түсініксіз терминдерді қабылдай алмайды. Сондықтан, бұндай жағдайда публицистикалық стильге жүгінуге тура келеді. Публицистикалық стильдің ерекшелігі сол, терминдер халыққа түсінікті қарапайым сөздермен алмастырылып, ақпарат қолжетімді күйде беріледі. Мәселен, практика бойынша, халықтық IPO ұйымдастырылғанда, банктердің тараптарынан кредит беру, депозит ашу секілді қызметтер ұсынылып қарапайым халықпен қарым-қатынас жасағанда терминдер қолданылмайды. Жарнамалық акцияларда да осындай жағдай байқалады.

Терминдерді қолданудың ерекшеліктері туралы айтылған жазбамыздың түйіні мынау. Ғылыми құжаттар, мемлекеттік құжаттар, ішкі қағаз алмасу процестері дәлдікті қажет етеді. Сондықтан, бұндай жағдайларда түсініспеушілік орын алмау үшін міндетті түрде сол саланың ғылыми терминологиясы қолданылады. Бірақ, қазіргі ақпараттық қоғам қарапайым халықпен де қарым-қатынас жасауға талап қойып отыр. Кез келген бизнес, кез келген жоба халықпен тығыз байланыста жүретіндіктен, мұндай жағдайда халыққа түсінікті тілге жүгінуге тура келеді. Журналистердің, жарнама мамандарының терминдерге балама сөздерге көп жүгінетінулерінің басты себебі осы.

сурет: almubtada.wordpress.com

 

Н. Айдархан