Жер бетінінің әр бөлігінде мекен еткен адамдар басқа тіршілік иелерінен саналы ойымен, сол ойын сұхбаттасушысына тілі арқылы жеткізе алуымен ерекшеленеді.
Тілдің пайда болуы ерте заманнан бері, мыңдаған жыл бұрын басталып, алғашқы дыбыстарға еліктеу немесе ым-ишара арқылы күннен-күнге даму сатыларын артқа қалдыра отырып бүгінгі күнге дейін жетті. Жалпы тілдің қалыптасу процесін «глоттогенез» деп атайды. Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теория бар. Тіл адамдарға өзара қарым-қатынас жасау үшін, өзі айтпақ ойды келесі адамға жеткізу үшін керек.
Диалог - екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы пікір алмасатын ауызекі сөйлеу формасы. Диалогта сұрақ қою арқылы сұхбаттасушы өзі күткен мәліметті ала алады. Мысалы, егер өзіне берілген мағұлмат толық болмаса, қарсы сұрақ қою арқылы күткен жауабын толықтырады. Диалог қысқа түрде екі немесе үш сөйлемнен мазмұны жағынан көлемді келеді. Диалогта келесі айтылымдардың қолданылатынын байқаймыз: сөйлемде фразаларды кірістіріп қолдану, сөзге жауап күту т.б. Диалог барысында сөйлесуші сөз орнына ым-ишара мен ауыз екі сөйлеу түрлерін пайдаланады.
Диалогпен қатар тағы бір сөйлеу түрі бар. Ол «монолог» деп аталады. Монолог - кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Сөз өнерінде жиі қолданылатын монологтар кейіпкердің ішкі жай-күйін, сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына байланысты туған толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылады.
Монологтың өзге сөйленістерден ерекшелігі - бір адамның ойы бір ғана көрініс табады. Мысалы, өзіміз күнделікті театрдан тамашалайтын сахналық көріністе кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе көрерменнен ешқандай жауап күтпейді. Ұлы ақын Абай Құнанбайевтің «болыс болдым мінеки» өлеңі лирикалық монологқа, Алтай ("Сұлушаш"), Қоңқай ("Ақан сері – Ақтоқты") репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымы айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологтың ғылыми тұрғыдағы атауы – «интраперсоналды сөйлеу».
Ұқсас жазба:
Көне түркі ескерткіштеріндегі өткен шақ
«Қызыл жебе» романындағы Рысқұл мен Тұрар образдары