- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Смағұл Елубайдың «Ақ...
Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясындағы ашаршылық мәселесі
Адамның басқа тіршілік иесінен басты айырмасы – сөз бен саналы іс-әрекет десек, Смағұл Елубайдың жалын атқан отты шығармашылығында қайратты ерлігі де қатар жүреді. Жазушының шығармалары – қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше құбылыс.
Смағұл Елубай 1947 жылы 9 наурызда Түрікменстан қаласы, Шаржоу облысында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақстанға қоныс аударған. ҚазҰУ-ды (1971), Мәскеудегі сценаристер дайындайтын жоғарғы курсты (1975) бітірген. 1992-1995 жылдары республикалық "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналының бас редакторы қызметін атқарған. Жазушы шығармашылығының негізгі тақырыбы — қазақ халқы кеңестік дәуірде бастан кешкен қиын кезеңдер. Ел тарихының тағлымды тұстары, туған жерге деген сүйіспеншілік, атақонысқа деген қимастық сезім, оның ертеңіне деген алаң көңіл көріністері Смағұл Елубай шығармаларында мол қамтылған. Ер жігітті ерлікке апарар жолдағы арман-мақсатын ақын ел тілегімен ұштастыра жазады. «Ақ боз үй», «Мінәжат» романдары ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін жылдарын қамтыса, трилогияның үшінші кітабы — «Жалған дүние» романы (2001) айтулы «тоқырау заманы» кезеңіне арналған. «Ақ боз үй» трилогиясы өзінің көркем құрылымы, суреттілігімен де ерекшеленеді. Смағұл Елубайдың жазушылық шеберлігі осы шығармасынан айқын көрінеді. Романның жазылуына басты себеп – кеңес кезіндегі ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалы. «Асыра сілтеудің» ықпалы айбарлы аждаһадай ел ішін біршама күйзелтті. Ел басқарып отырғандардың осындай жұғымсыз қылықтарын, пасықтығын шынайылықпен көрсете келіп, әділеттілікке үндейді. Шығарма астары заманының жақсылары – білімді, парасатты дана адамдар, ел қамын жеген ерлер, береке-бірлікті ұстанған жандар дегенді ұғындырады. Сол кезеңдегі елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарды, жұт болған ауыр жылдар қасіретін жазушы шынайылылықпен суреттеген. Мінекей, осындай ізденістер нәтижесінде «Ақ боз үй» трилогиясы жазылды. Романға арқау болған негізгі жағдай – 1930 жылдардың апаты, нәубетті заманның шырғалаңы.
Қай заманда да әдебиеттің алдына қойылатын негізгі шарт – ол өз заманына лайықты сипатқа ие болуға тиіс. Көркем шығарма оқырманға рухани жағынан әсер етіп, танымын, көркемдік мұратын көрсететін айна сияқты әсер қалдырады. Ең алдымен есте болатын жалпы қағида – өткеннің тәжірибесін білмей, жаңаны жасауға болмайтындығы. Әдебиет тілінің, яғни әдеби тілдің қоры мәңгі бақи бір қалыпта тұра бермейді. Ол да қоғаммен бірге өсіп, жаңа сипаттарға ие болады. Әдеби тілдің баюына қаламгерлердің тигізер пайдасы зор. Мұның растығын дәлелдеген жазушы Смағұл Елубай халықтың әлеуметтік ойын ояту жолында шығармашылығымен келелі еңбек сіңірген.
Сурет: ©Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
«Оянған өлке» романындағы жазушының портрет пен пейзаж, монолог пен диалог жасаудағы шеберлігі
Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» атты зерттеу еңбегі туралы
Үкілі Ыбырайдың «Жиырма бес», «Арарай» әндері
Ә.Нұрпейісовтің «Курляндия» романына талдау
Ж. Исакаев