- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Шәкәрім Құдайбердіұлының «Дүние...
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Дүние мен өмір»,«Кәрілік туралы» өлеңдерін талдау
Шәкәрім - әдебиеттің әр алуан жанрларына қалам тербеген қаламгер. Шәкәрім лирикасындағы тақырыптық мазмұн-қоғам қайшылықтарын азаматтық талғамда терең мән беріп, сын тезіне салуы, сол қоғамның шындығы мен сұранымынан туындаған ағартушылық–демократтық мақсаттағы сыншылдық идея. Ақынның қоғам өмірін суреттеген сыншылдығы да, шыншылдығы да, наразылығы да, лирикалық жанр үлгісінде тоғысады. Оның реалистік сипаттағы лирикалық туындыларында әдеп, мінез-құлық, имандылық, ар ілімі сынды категориялары бірден көзге түседі. Бұл Шәкәрім лирикасындағы авторлық ерекшелік болып табылады.
Шәкәрім жан мен тән жайында сөз қозғағанда, жан мәселесіне айрықша мән береді. Абай ұғымында «ақыл мен жан – мен өзім», Шәкәрім болса «Ақылды жан, тән қамы үшін жұмсап жүр. Соған қызмет етеді» деген ұғым басым. Өмір жайындағы Абай толғаныстары мен ойларын Шәкәрім өзгеше сипатта суреттейд. «Ойлай берсең, у екен» – дейтін Абай тұжырымдары Шәкәрім толғамында:
Кейбіреулер жазады: «Қу өмір» – деп,
«Тұрағы жоқ алдамшы су өмір» – деп,
«Көрген қызық, қылған іс-бәрі де ұмыт,
Иә, көлеңке, яки түс, у өмір» - деп сипатталып, өмірді терең түсінуге, адам баласына мінді өз бойыннан іздеуге міндеттейді. Қанша тілегіңе жетсең де, бақытқа кенеліп шаттансаң да ғұмыр қысқа барар жерің – біреу. Адамның жалған дүниеде мазмұнды өмір сүруінің маңыздылығын өмірдің қас-қағым сәттей өткінші екендігі жайында ой қорытады. Мұны «Дүние мен өмір» өлеңінен анық байқауға болады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының 1879 жылы жазған "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" өлеңдері адамның өмір жасын жыр етеді. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жазу стилінде жазылғаны да байқалады. Шәкәрімнің шығармалар жинағындағы “Кәрілік туралы” өлеңі:
Қайратың қалып,
Ақылдан танып,
Кәрілік келсе басыңа;
Кәдірің кетіп,
Заманың өтіп,
Жан жуымас қасыңа.
Кәрілік деген жұмыс бар,
Артыңда таяу бір іс бар…
Жарығың өшіп көңілден,
Кәрілік жаман өлімнен,- деп кәріліктің еш пайдасыз жақтарын айтып, ескінің көзін жамандағанын, одан өлімді тілегені, бозбалалықты, жалындаған жастықты дәріптегеніне көзіміз анық жетеді.
Сурет: bmtv.kz
О. Сансызбай