Исахметова Эльмира Жөнделбайқызы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов
«Қаздар қайтып барады»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік – туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, түрлі-түсті қалам, әдеби көркем шығармалар жинағы, таратпалы карточкалар.
Техникалық құралдар: бейнетаспа, интерактивті тақта, компьютер.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география.
Сабақ жоспарының толық нұсқасын тегін жүктеу
Сурет: photographer.ru