Тантаева Қарлығаш Сериковна, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Жеміс бағында
Сабақтың мақсаты:
1. Адам және табиғаттың байланысты екендігін пысықтау.
2. Жыл мезгілдері, күз мезгілінің байлықтары, соның ішінде жеміс бағы туралы түсініктерін кеңейту.
3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, шығармашылықпен ойлануына ықпал ету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жасыл өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу. Жасыл ағаштардың адам өміріндегі маңызын тереңірек ұғындыру.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Көрнекіліктер: Алма түрлері және суреті, таблицалар, карточкалар, ватман қағаз, жыл мезгілдеріне байланысты сюжетті суреттер, кітаптар т.б. заттар.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен, қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік қолдану.
Сабақ жоспарының толық нұсқасын тегін жүктеу
Сурет: en.wikipedia.org