Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
ә) дамытушылық: оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру, ой-өрісін кеңейту;
б) тәрбиелік: сөйлеу тілін байыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын түрінде
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кішкентай парақшалар,
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Сабаққа кірісу
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Бүгінгі сабағымыз Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесіне арналады. Сіздерге бұл шығарманы оқып келу үй тапсырмасы ретінде белгілі болатын. Балалық қылықтар, үлкендермен қарым-қатынас жасау секілді дүниелер бұл шығарманың өн бойында тұнып тұрғаны анық. Олай болса, бүл шығарманы қалай меңгергендеріңізді, қандай ой түйгендеріңізді анықтайық.
2. «Деталь» ойыны.
Сыныпты үш топқа бөліп, шығарманың ішінен белгілі бір детальдарды (бақа, сөмке, Майқанова апай) береміз. Олар сол детальдар арқылы көркем шығармадағы сюжетті табады.
Үш топқа берілетін сөздер:
І топқа «Сөмке», «Майқанова апай», «Бақа»;
ІІ топқа «Қант», «Көк көз келіншек», «Оқулық»;
ІІІ топқа «Жанар», «Дойбы», «Қожа» деген сөздер слайдтан көрсетіліп тұрады. Оқушылар осы детальдар арқылы сюжетті табады. Оқушылар осы детальдар арқылы сюжетті табады.
3. «Көріністер әлемінде» ойыны
«Деталь» ойынындағы сюжеттерді үш топ көрініс арқылы сахналайды.
4. «Мен – олмын»
Әр топтың өз Қожасы таңдалынып, ортаға шығады. Оларға топ ішінен Жанар, Майқанова апай, Жантас, Қожаның анасы, Қожаның әжесі, қойшының ұлы Дәулет болып оқушылар сұрақ қояды. Мәселен, Майқанова апай «Менің сөмкеме бақаны не үшін салдың?», Дәулет «Қымызды ішкенде ұялмадың ба?» деген тәрізді сұрақтар қойылады.
5. «Бұны кім айтты?» ойыны
Шығарма ішіндегі кейіпкерлердің сөздері слайдпен көрсетіліп тұрады. Бұл сөздер кейіпкерлерген тән бе, әлде жоқ па? Осы сұрақтың жауабын табады.
«Оқулығы сай бала – көңілі жай бала». Бұны Қожа айтты ма? (Иә) «Өз еркім шыққым келсе, шығам, шыққым келмесе, шықпаймын». Бұны Сұлтан айтты ма? (Жоқ, Қожаның сөзі) «Ұзын жолдан қия бассам, мерт кететінім сөзсіз». Бұны Жантас айтты ма? (Жоқ, Қожаның сөзі) «Кешір, кешір айналайын, Қожатай». Бұны Қожаның анасы айтты ма? (Жоқ, Майқанова апай) «Жер домалақ емес, сен домалақсың». Бұны Майқанова апай айтты ма? (Жоқ, Қожаның әжесі) «Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының белгісі». Бұны Қожа айтты ма?6. «Менің де айтар сөзім бар, ағай (апай)» ойыны сабаққа араласпай отырған оқушыларға арналған тапсырмалар. Олар осы тапсырмалар арқылы топтарына ұпай қоса алады.Сонымен қатар, барлық оқушыларды бағалауға мүмкіндік аламыз.
Қожаның анасының есімі кім? (Миллат апай) Қожаны «Қара көже» деп кім мазақтайды? (Жантас) «Сары Қожа» кімнің баласы? (Сүттібайдың) Қожаның мұғалімдерінің аттарын ата?(Оспанов, А.Михайловна, Майқанова) Қожаның азан шақырып қойған атын ата.(Қожаберген)Ә) Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Бұл шығарма – нағыз балалықтың дәмі бар тәтті торт секілді. Кинофильмі ретінде болсын, көркем шығарма ретінде болсын дәл осы шығармадан алар ойлардың, түйер түйсікттің болғаны дұрыс. Өздеріңіздің азан шақырып қойған есімдеріңізге кінә артпаңыздар. Есім – сіздердің төлқұжаттарыңыз, бойтұмарларыңыз...
Б) Үйге тапсырма: Осы шығарма мен осы аттас кинофильмнің ерекшеліктерін ажырату
В) Бағалау.