- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Сабақ жоспары: Адырбек...
Сабақ жоспары: Адырбек Сопыбеков «Сапар мен парта» (Әдебиеттік оқу 4-сынып)
Даулетчинова Бану Рауанбековна, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Адырбек Сопыбеков «Сапар мен парта»
Мақсаты:
а) Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен парта» мысалын түсініп оқуға, мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге жаттықтыру;
ә) Оқушылардың танымдық қабілетін, сыни тұрғысынан ойлау мен жазуын дамыту;
б) Мектеп мүлкін таза ұстауға, ұқыптылыққа баулу. Ағаш өсіруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Міндеттері: табиғатты қорғауға, шапшаңдыққа, еңбек етуге, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту. Жақсы мен жаманның ара-жігін ажыратуға дағдыландыру.
Оқу нәтижесі:
1. Оқушылар өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге үйренеді.
2. Тіл байлықтарын қалыптастырып, жақсы мен жаман қасиеттердің ара -жігін ажырата білуді түсінеді.
3. Әдепсіздік жағымсыз қасиет екенін ұғына отырып, ондай қасиеттерден бойын аулақ ұстауға дағдыланады.
4. Топта жұмыс жасауға, бір-бірінің пікірімен санасуға, сыни ойлауға, уақытты үнемді пайдалануға үйренеді.
Сабақ жоспарының толық нұсқасын тегін жүктеу
Сурет: voxpopuli.kz
Р. Роза