Мақал-мәтелдер — өмірдің өзі сияқты күрделі құбылыс. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, қиын да күрделі тағдыры, сан ғасырлық тарихы және де баға жетпес мұраласы да мақал-мәтелдерде біртұтас көрініс табады.
Мақал мен мәтелде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ. Ол өмір күресінде, жасау жолында туған адам баласының қарым-қатынас әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тәлім-тәрбие, бір сөзбен айтқанда, тұтас адамгершілік қағидаларын дастаны тәрізді: онан өмірде ұшырайтын оқиғалардың бәріне де жауап табасың.
Мақал-мәтелдерде жаксылық пен жамандық, жомарттық пен сараңдық, әділдік пен зұлымдық, адалдық пен арамдық, кішіпейілділік пен тәкаппарлық, еңбекқорлық пен жалкаулық, батырлық пен қорқақтық, отаншылдық пен опасыздық т.б. қасисттер салыстыра сөз етіліп, жақсы мен жаманның ара-жігі ажырылатады.
Жомарттық, әділдік, адалдық, кішіпейілділік, еңбекқорлық, батырлық және отаншылдық сияқты қасиеттер бүкіл жұртшылыққа үлгі-өнеге етіп ұсынылады, ал сараңдық, зұлымдық, арамдық, тәкаппарлық, жалқаулық, қорқақтық және опасыздық секілді жаман қылықтарды қатты сынай отырып, халықтың олардан ұзақ болуын насихаттайды.
Мақал-мәтел халықты еңбекке, білімге, өнерге т.б. үндейді, адамгершілікке, отаншылдыққа шақырады.
Отан, туған жер, өскен ел ұғымдары қай халық болсын өте маңызды тағылымдық рөл атқарады. Өйткені өз Отанын, туған жерін, өскен елін құрметтеу, сүю – барлық халыққа тән қасиет. Сондықтан да барлық тілдерде, соның ішінде түркі тілдерінде отан – отаншылдық, ер – ерлік, батыр – батырлыққа байланысты мақал-мәтелдер, өлең- жырлар және дастандар көптеп кездеседі. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа өсиет-өнеге, ақыл-кеңес берумен, халықты бірлікке, ерлікке, отаншылдыққа үндеумен келеді. Бұдан 10-15 ғасыр бұрын ойшылдарымыз, даналарымыз "құтты" сөздерін өшпейтіндей етіп, өз қолдарымен тасқа қашап қағазға жазып қалдырып кеткен.
Озған ел тарихын таспен жазады,
Азған ел тарихын жаспен жазады,
деген халық даналығының бірінші тармағы түркі халықтарына арналып айтылған. Сол жазылған жазба ескерткіштерде түпкі тегіміз - түркілердің елдігін де, ерлігін де, даналығын да, ақыл-ой, парасатын да көруге, білуге болады.
Қазақ халқының Отан, туған жер және батырлыққа байланысты мақал-мәтелдерінің көп болуына таңқалмау, тәнті болмау мүмкін емес. Әркімге Отаны, туған елі ең жақын, ең қымбатты және баға жетпес мекен екені талас тудырмасы хақ. Алайда қазақ халқының туған елге деген сүйіспеншілігінде, құрметінде еш шек жоқ. Халық осы сезімін жас бүлдіршіндерінің, жастарының көкейіне құя отырып: "Отан оттан да ыстық", "Отансыз адам – ормансыз бұлбұл", "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол", "Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың", "Туған жерге туың тік" деп, оларды патриотизмге, ерлікке үндейді. Отанға, туған елге байланысты төмендегі мысалдарға зер салып қарайық. "Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас", "Туған елің болмаса, тумай-ақ қойсын күн мен ай", "Өз елім – өлең төсегім", "Ел іші алтын бесік", "Егемен елдің еңсесі биік" сияқты мақалдарда асқақ отаншылдық ойлар, терең толғаныстар және де философиялық тұжырымдар жасалған.
Отаншылдық, ұлтжандылық – отанын шексіз сүю, оғанақалтқысыз қызмет ету, оны қорғау үшін керек болса басын қатерге тігу. Сондықтан "Отан үшін теңіз кеш, батпайсың", "Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды", "Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі" немесе "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі" деп көкейкесті ой-пікірлерін паш ете отырып, жас ұрпақтың отаншылдық отын лаулатып, туған жерін, өскен елін көзінің қарашығындай корғауға шақырады. Отанды қорғауға қатысты мақал-мәтелдерді "Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды", "Орағың өткір болса, қарын талмайды, отаның берік болса, жауың алмайды", "Елдің сырты жаудан аман болсын, елдің іші даудың аман болсын", "Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмайды" деп көбейте түсуге болады.
Адамға туған жері өте қымбат, оған туған жерінің топырағы дәрідей, ауасы болса шипажай болып саналады. "Туған жердің жуасы да тәтті", "Ел елдің борі жаксы, өз елін бәрінен жақсы", "Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі", "Туған жердің торғайы да сүйкімді" деген мақал-мәтелдер осыны дәлелдейді.
"Өзге елдің оты өз еліңнің түтініне татымас", "Жат слдің қаршығасынан өз сліннің қарғасы артық", "Туған жердің ауасы да шипа", "Туған жердің тасы да таныс", "Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық", "Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық", "Туған жердің түтіні де тәтті", "Өз еліннің иті де қадірлі", "Өз елің өзекқе теппес", "Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын", "Әркімнің өз жері – жұмақ", "Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары".
Сондай-ақ халық отанын ойламайтын, қиын-қыстау кезеңде жалт беретін, тек қара басының қамын ойлайтын адамдарды «Отансыздың оты жанбайды. "Отанға опасыздық еткенін, өмірден қаралы боп өткенің", "Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас", "Ит тойған жеріне, ер туған еліне" деп қатты сынайды. Опасыздыққа, сатқындыққа қатысты мына мақал-мәтелдерді мысал келтіруге болады; "Отанын сатқан – ант атқан" , "Опасызда отан жоқ", "Тұғырынан саңғыған сұнқар оңбас, үйірінен айрылған тұлпар оңбас", "Егілмеген жер – жетім, елінен айрылған ер – жетім".
Батырлыққа, ерлікке шақыратын мақал-мәтелдер де өте көп кездеседі. Мысалы: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы", "Ер елінде, гүл жерінде", "Ел басына күн туса, етігімен су кешер", "Ел қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер", "Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі". Бұл тақырыпқа байланысты қазақтың халық даналығы...
Мақал-мәтелдердің терең философиялық мән-мағынасы - осындай тамаша шығармалар тудырған қазақ халқының сарқылмас даналығының айғағы.
Қорыта келгенде, жас ұрпақтың бойында отаншылдық, патриотизм сезімін орнықтыруда отан – отаншылдық, ер – ерлік, батыр – батырлыққа байланысты мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Осындай өсиетке толы мақал-мәтелдер мен сусындап өскен ұрпақтың отаншыл, ұлтжанды болуы мүмкін емес.
Алайда жаңа жаһандану ғасырында отан, туған жер, отаншылдық, ерлік, батырлыққа байланысты осындай құнды мақал-мәтелдерді келер ұрпақтың бойына сіңдіру, оларды отан сүйгіш, ұлтжанды етіп тәрбиелеу мәселесінде бұрынғыдан да маңызды рөл атқаратынын естен шығармау керек.