Мағжан Жұмабаевтың “Қойлыбайдың қобызы” поэмасы мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған. Аңыз бойынша Қойлыбай атты бақсы бір жиында атжарысқа өзінің қобызын қосады. Қобызы бәйгеден бірінші келіп, ел-жұрттты таң-тамаша қылады.
Поэмадан халықтың бақсы-балгерлерге деген қарым-қатынасын байқауға болады. Ежелде қазақтар бұндай ерек жандарды ерекше құрметтеп артынан ғажайып аңыз әңгімелерді өрбітіп отырған. Бұл поэма арқылы Мағжан Жұмабаев бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсеткісі келген болуы мүмкін.
Халық әрқашан мистикаға сеніп, осы бағытта түрлі аңыз әңгімелер таратып отырған. Бұл аңыздарға халық өздерінің арманын, мақсат-мұратын енгізіп, сол мұраны ұрпақтан ұрпаққа таратып отырды.
сурет: aimauyt.wordpress.com