Қазіргі таңда балаға жаңа технологияларды меңгертуден гөру сабақ оқыту қиынға соғатын болды. Бұл заман тек жаңа технологияны білуді қажет етпейді, тіл үйрену, жаңа өнермен айналысу, спортзалда шынығу секілді дүниелерді де естен шығармау керек. Ал сабақ оқу қай кезеңде тұрады?
Ойын – білім алудың ең негізгі элементі. Кез келген нәрсенің анық-қанығына жету үшін алдымен ойнап, қолға ұстап көру қажет. Әсілі, ойын – балалар әлемін білімге бастайтын тиімді жүйе.
Мектеп жасында электрлік жүйенің конденсаторын, тағы да басқа ұсақ бөлшектерін меңгеру үшін жарты жылды сарқып жатамыз. Сондағысы қағаз бетіне түсетін онға жетер-жетпес электр желілері ғана. Мұны қағазға шимайлап қана қоймай, практикалық түрде жасау керек.
Бірақ ақылмен шешетін жол бар. Келешекте кез келген тапсырма ойын түрінде болуы қажет. Сол арқылы кішкене эксперименттік бағдарламалар орнатылады және сондай тапсырмалар жалғаса беретін болады.
Сонда ғана шәкірт тапсармадан тапсырмаға өтіп, болар іс пен болған істің мағынасын жақсы түсінетін болады. Мысалға, физика сабағынан өтетін ай бетіндегі тартылыс заңы, одан төмен қарай өтсе ауадағы қысым, одан төмен өтсе тағысын тағы дегендей. Оның теориялық білімінен гөрі, практикалық және танымдық жағын ескеру керек. Бұл айтылғандар баланың ертеңгі өміріне қажет бола ма деген сауалға жауап бере алған абзал. Сөйтіп шәкірт кезең-кезеңдерден өтіп отырады. Бұл үшін аса қиын бағдарламаларға түсініктемелер беріліп отырылуы тиіс.
Тағы бір мысал. Мектеп жасындағы баланың алдына балықтың боялмаған кескіні бейнеленген парақты берейік. Ол оның түсіне таңдау жасай алады. Боя десеңіз, тек ашық түске бояды делік. Сіз оған мына балықтың түрін, қабыршағы барын, желбезегі болатынын, балдырмен қоректенетінін айтсаңыз, ол тек ашық түске бояп қана қоймай, бір аквариум секілді сурет салып бере алатын еді...
Егер бала кітаптан сауатты жазылған табиғат құбылыстарын кездестірсе, онда оның миымы бұл ақпаратты тез қабылдайды. Кітаптың да міндеті осы: әрбір дүниені көрнекті етіп көрсете білу.
Болашақта болар жаңа технологиялардың адам баласына әкелер жақсылығы ұшан-теңіз. Бала қиялының өсуіне де өте-мөте аса қажетті болары сөзсіз.