Қазақ тілінің қоғамдағы мүмкіндіктері туралы сөз қозғамастан бұрын қазақ тілінің қазіргі хал-жағдайы туралы айтып өткіміз келеді. Еліміздің бұған дейін Кеңес үкіметінің құрамында болғаны белгілі. Осының себебінен қоғамда қазақ тіліне қарағанда орыс тілінің басымдығы көп болды. Ана тіліміз тек тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жанданып, ауқымы кеңи бастады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елдегі қазақ тілді азаматтардың үлес салмағы соңғы 20 жылда айтарлықтай азая түсті. Мұны шеттен келген оралмандармен және орыс тілді азаматтардың елден көшуімен түсіндіруге болады. Қазір қазақ тілді азаматтардың саны елдегі басқа ұлттардан әлдеқайда көп. Бұның бәрі қазақ тілінің әсер ету ауқымының кеңеюіне септігін тигізуде.
Елдегі қызмет көрсету саласындағы қазақ тілінің жағдайын да жаман деп айтуға болмайды. Қай дүкенге, қай мекемеге шаруаңыз түсіп бара қалсаңыз да сізге міндетті түрде қазақ тілінде қызмет көрсететін адам болады. Бұл еліміздің заңымен қорғалады.
Елдегі жарнама нарығы да бұл тұрғыда ойластырылған. Кез келген жарнама беруші міндетті түрде қазақ тілінде де ақпарат беруі тиіс. Жалпы айтқанда қазақ тілінің дамуы заңмен қай жағынан да қорғалған деп айтуға болады.
Дегенмен қазақ тілінің ғылымға ғылым тіліне айналуы айтарлықтай мәселе болып отыр. Қазіргі кезде ғылымды ізденушілер орыс не ағылшын тілдерінде үйренеді. Сол себепті, осы тұрғыда атқарылуы керек жұмыстар ұшан-теңіз. Қазақ тілінде ғылыми кітаптардың жазылуы қолға алынып, дұрыс жолға қойылмаса, бұл тұрғыда тілдің дамуы осылай кенже қала беретіні анық.
Дайындаған: Елбарыс Махамбет
сурет: baq.kz