Жортар аттың тоғы игi Ат ерiндi келер, ер мұрынды келер.***Жалғыз шапқан ат жүйрiк.***Тұлпардың өз тұяғы өзiне дәрi.***Соқыр атқа, қотыр ат үйiр.***Тұлпардың iзi бiтпейдi, тұяғы кетпейдi.***Азынаған айғырдың үйiрiн көр.Менменсiнген жiгiттiң үйiн көр.***Бие көп болса, құлын көп.***Жүйрiк тоқтығын бiлдiрмес,Жомарт жоқтығын бiлдiрмес.***Жортар аттың тоғы игi.***Кәрi боз қартайғанда жорға шығарады.***Сырын бiлмеген аттың сыртынан жүрме.***Атың жақсы болса, бұл дүниенiң пырағы,Қатының жақсы болса, бұл дүниенiң шырағы.***Арық атқа қамшы жау, жыртық үйге тамшы жау.***Жақсы ат алдынан сүрiнбей, артынан сүрiнедi.***Атыңды жүрiп тұрғанда қамшыла.***Жақсы айғырдың үйiрiн ат жақтайды.***Атпен ойнаған тайдыңарқасы кетер.***Тұлпардың оттауы бiр болса да, жусауы басқа.***Енесi тепкен құлынның етi ауырмас.***Көбең мiнiс көтермейдi, мәстек жүрiс көтермейдi.***Жақсы аттың тiсiн ашпа, жақсы кiсiнiң жасын сұрама.***Жаман да болса жылқы жасығы.***Айғырды неден салсаң, атты сонан мiнерсiң.***Жылқылы елде жау көп, жатақ елде дау көп.***Жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы. Дереккөз:anatili.kazgazeta.kz