Жаттап алар жұмбақтар

Балаларға жұмбақ жасырудың пайдасы зор. Ең бірінші тапқырлыққа тәрбиелейді, жылдам шешім қабылдауға үйретеді. Дүниетанымын кеңейтіп, есте сақтау қабілетін арттырады. Логикалық ойлау қабілеті де дамиды.

Жұмбақтар баланың тіл байлығын да дамытады. Өз қызығушылықтарына жол ашады. Дүниені жаңа қырынан тани түседі. Халық ауыз шығармашылығына жататын жұмбақтар эпитетке, метафора мен афоризмға бай. Сондықтан да осындай жұмбақтарды қолдану балалардың сөздік қорын молайтады. Өйткені балалар тек жұмбақты шешіп қана қоймай, оларды жасыруды да ұнатады. Олай болса, ата-аналар мен балалар үшін жаттап алар жұмбақтарды ұсынамыз.

Ти, ти десем, тимейді,
Тиме десем тиеді. 
Ерін

Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
Сандық

Бассаң тілін шабады,
Иттен жаман қабады.
Қысса жаман қақсатар,
Ұстағанын ақсатар.
Қақпан

Белбеуі шынжырдан,
Су тартады шұңғылдан.
Шығыр

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тәмам халық.
Кітап оқу

Екі төлдің атынан,
Бір төлдің аты шығады.
Тайлақ

Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған.
Көз

Көтерілсе жоғары,
Ерітеді мұхитты.
Төмен түссе шамалы,
Сездірер суық ызғарын.
Температура

Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім?
Құлыншақ

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
Зымыран

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, түссе-сары.
Жапырақтар

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
Ағаш

Eжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
Құрт

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Жуа

Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды.
Журналист

Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.
Тау

Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
Қырау

Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.
Боран

Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
Күннің күркіреуі

Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың.
Жаңбыр

Өзі шұбар,
Тамағына таққаны - екі тұмар.
Шортан

Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай.
Қант

Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі.
Қымыз

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
Дастархан

Ерiксе, құйрығымен ойнайды.
Зерiксе, ұйқыға бiр тоймайды.
Мысық

Жер қопарған тiсiмен,
Сескенесiң түсiнен.
Қабан

Күндіз шайқасады,
Түнде айқасады.
Кірпік

Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды,
Қос қанатты,
Құмырсқа ізді,
Бота тірсекті.
Шегіртке

Біз жаздық аулым қонған текшесіне,
Етіктің жез қақтырдым өкшесіне.
Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар,
Бөренесін байлаған бөксесіне.
Инелік