Сағыныш символы болған күз мезгілі келгенде жапырақтар сары алтын түске енеді. "Сарғайып сені күттім", "сағыныштың сары шекпені" деген тіркестер де күздегі сары жапырақ пен сағыныштың байланысынан туса керек. Ал енді жапырақтар не себепті сарғаяды? Осыны ойланып көрдіңіз бе?
Жаз мезгілінде жапырақтар хлорофилл пигментінің әсерінен жасыл түсті болады. Өсімдік көп мөлшерде суарылғанда одан негізгі қант – глюкоза бөлінеді.
Хлорофилл дәндері күн көзінен қуат алып, жапыраққа жасыл рең береді. Мұны биологияда фотосинтез үдерісі деп атайды.
Күз келгенде күн сәулесі азайып, хлорофилл бұзылады да, орнына ксентофилл және каротин түзіледі. Осы нәрселер жапыраққа сары, қызғылт түс береді.
Хлорофилдің өз күшін сақтап тұруы ауа райы жылы болып, күн шуағы молынан түсуіне байланысты. Сонымен бірге, жапырақ хлорофилден атом магниі арқылы қоректенеді. Демек, құрамында хлорофилл пигменті бұзылғандықтан жапырақ сарғаяды.