Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: қанатты сөздер, слайд.
Кіріспе: Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар. Сайысымыздың бір ерекшелігі бүгін балалар біз жеке дара емес, топ болып білім сынамақшымыз.
Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
Бүгінгі ойынның әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: __________________________________________
Өнер мен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысырлық бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар.
Білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін.
1. Бәйге
2. Қызықты жетілік
3. Аудармашылар
4. Жорға
5. Спикер
6. Көрермендер сайысы
І тур
Бәйге десе бұлқынбас жас болама деп біз бірінші турымызды бастаймыз. Әр топқа он сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпай беріледі.
What is the name of the president of Britain? (Elizabeth 2)
Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Оларды атап шығыңыз!
What money can you use in Britain? ( pound)
Бес арыс (Ш. Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов А.Байтұрсынов, М.Дулатов)
Что изучается в синтаксисе? (словосочитание и предложение правила их построение)
Very popular shopping street in London? (Oxford)
Үш бәйтерек (І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин)
One of the largest department stores in oxford street? (Selfridges)
Синоним сөздерге мысал келтіріңіз.
How many people work at the Selfridges? ( more than 2500)
Антоним сионим омоним сөздерге мысал келтіріңіз.
Very popular sport in Britain? (rugby)
Что обозначает слово синтаксис? (составление построение от греков)
Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (жіктеу, сілтеу, сұрау өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау)
Very exciting and rather dangerous game? (cricket)
Қазақтың үш биі (Төле, Қазбек, Әйтеке)
When do people of Great Britain celebrate Christmas? (25 December)
Валюта қашан шықты (1993ж. 15 қараша)
Where is big-ben situated? (in London)
Табу сөзге мысалдар келтіріңіз.
ІІ тур
«Қызықты жетілік»
Look at the blackboard. There is numerals with questions. You will choose any number and I will ask you question.
Барлақтарыңыз назарларыңызды интерактивті тақтаға аударасаңыздар екен. Мына жерде жеті ұяшық берілген. Әр топ кезектесіп таңдайды. Білмей қалған жағдайда келесі топ жауап берсе болады.
What river is Astana situated on? (The Ishim)
Абай қай жылдар аралығында өмір сүрді? (1845-1904)
Диалект сөздерге мысал келтіріңіз.
Ыбырай Алтынсариннің бір өлеңін жатқа оқып беріңіз.
What is the official name of Britain? ( The united Kingdom of Great Britain )
How many regions are there in Kazakhstan? (14)
Менің Отаным - Қазақстан сөйлемін ағылшын тіліне аударыңыз. (Мy native land is Kazakhstan)
ІІІ тур
«Аудармашылар» деп аталады. Бұл ойынның бір ерекшелігі барлық қатысушыларды қамтиды. Бізде қатысушылар саны он алты. Яғни үш тілде сөздер берілген. Сол сөздердің аудармасын айтасыздар. Дайынбыз ба? Дайын болсақ, ойын басталды.
Fish ( балық )
milk (сүт)
coat (пальто)
kitchen (ас бөлмесі )
watch ( сағат)
butter (май)
gloves ( қолғап)
green (жасыл)
door (есік)
cake (торт)
water ( су)
vegetables (көкөністер)
carrot (сәбіз)
shirt ( жейде)
orange (апельсин)
brown (қоңыр)
potato (картоп)
white ( ақ)
teacher (мұғалім)
swimming ( жүзу)
IV тур
Кім жүйрік екен? Оны біз «жорға» кезеңінде көре аламыз. Бұл бөлімнің шарты: мен жұмбақ жасырамын. Ал сіздер сол жұмбақтың шешуін орыс және ағылшын тілдеріне аударып айтатын боласыздар.
Бүгін киген ақ тоным
Ертең болар қара тон.
Қара тоным аздан соң
Болып кетер ала тон. (жер, земля, earth)
Үй үстінде ұсақ тас,
Ұстайын десем ұстатпас (жұлдыз, star, звезда)
Қабат -қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
Құрғақ жерде сақтайсың
Менсіз тамақ татпайсың (тұз, соль, salt)
Қардай аппақ, балдай тәтті. (қант, сахар, sugar)
Ұрсаң оны зулайды,
Қарғып жерде тұрмайды (доп, мяч, ball)
Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты (алма, яблоко, apple).
Соңғы турымыз «спикер» деп аталады. Бұл турда әр топ басшылары туған жерге деген өз ойларын үш тілде жеткізеді. (Қазылар ұпай сандарын есептейді).
Көрермендер сайысы. Сонымен сайысымыздың қорытындысын әділқазылар алқасы шығарамын дегенше ортада ән «Атамекен».
Назар қойып тыңдағандарығызға көп рахмет. Жеңісті күндерде жолыққанша аман болыңыздар!
Жолдаған:
Қызылорда қаласы
№39 «Қызылөзек» орта мектебі
шет тілі пәні мұғалімі
Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Сурет: rudaki.ru