- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Хамит Ерғалиевтың «Әке...
Хамит Ерғалиевтың «Әке сыры» поэмасын талдау
Хамит Ерғали 1916 жылы Атырау облысының Новобогат ауылында (қазіргі таңда Хамит қала деп аталады) дүниеге келді. Бала кезінен-ақ тоталитарлық қысымды да көрген. 1937 жылы халық жауының баласы деген айдармен және Сәкен Сейфуллинге хат жазғаны үшін Орал педрабфактан шығарылған. 1939 жылы Мемлекеттік С.Киров атындағы университетіне (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті) түсіп, әскерге алынуына байланысты оқуды аяқтай алмаған. 1940 жылдың маусым айынан бастап әскерге шақырылып, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1945 жылы қатты жарақаттанып, Алматыға қайтқан.
Ұлы жеңістен кейін қазақтың жарқырап айтылған өлең жәрмеңкесінен орын тауып, көзге түсу қандай талантқа да оңай соқпайтын. Осындай үлкен думанда қазақ поэзиясына бірден келген Хамит Ерғалиевтің даусы құлаққа ерен естілді. Бір қызық жағдай, бұрын қаға берісте сирек жарияланған Хамит өлеңдерінен хабары аз қауымға ақынның алғаш шыққан «Әке сыры» поэмасы тосын және керемет әсер етті.
Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/referat/1497-father.html?utm_source=ZHARAR
© www.ZHARAR.com
«Әке сыры» поэмасында сол кездегі қазақ поэмаларына тән дағдылы сюжет, қаһарман кейіпкер жоқ. Қазақ поэмасына лирикалық батыр, үлкен лирикалық батыр басты кейіпкер болып енді. Мұнда жалынды публицистика, философиялық ой толғау, нәзік психологиялық тебіреністер жымдасып, бір арнаға тоғысқан.
Хамит Ерғалиевтің бұл шығармасын бағалаған Тұманбай Молдағалиев: "Жас жүрегіме сол кітапқа кірген барлық өлең-дастандардың ішінен Хамит Ерғалиев деген кісі жазған «Әке сыры» атты поэма ерекше ұнады. Мен «Батырлар жырынан» қоректенген баланың бірімін. Мектеп программасы бойынша әдебиетті там-тұмдап оқып жүрген шәкірт едім онда. Мына «Әке сыры» мені бір жаңа дүниеге, өзім бұрын сезінбеген жақсылыққа, өзім бұрын аяғымды басып көрмеген жайлауға бастап алып кетті. Мынау жауынгер әке менің өз әкем сияқтанды бірде. Оның жай-күйі, баласына деген махаббаты, өмір, соғыс туралы ойлары оқыған сайын толқытты. Мен сол дастанды жаз бойы жаттап алдым. Келесі жылы оқушылардың олимпиадасына тағы келдім. Осы дастаннан үзінді оқыдым. Тағы да үздік шықтым. Өзім де аздап өлең жазушы едім. Ерғалиевтің ерлік дастанын оқыған соң өлең жазуды мүлдем қойып кеттім. Өлеңді тек қана Хамит ақын құсап жазу керек. Әйтпесе қалам алып, қағаз шимайлаудың керегі не деген ойға келдім", - дейді.
Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі.
Демек, әкені ренжітпей оның айтқанын орындап отыру әрбір перзенттің басты парызы екенін Хамит Ерғалиев өз шығармасында өте әдемі, әсерлі етіп жеткізе білген.
Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/referat/1497-father.html?utm_source=ZHARAR
© www.ZHARAR.com
Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/referat/1497-father.html?utm_source=ZHARAR
© www.ZHARAR.com
Сурет: writers.kz