- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Бірнеше тілді қатар...
Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады
Бірнеше тілде еркін сөйлей білетін адам өскен өркениет пен бірізді білім иесі болып саналады. Полиглоттар әр қоғамда құнды құрмет пен ыстық ықыласқа ие. Тіпті жоғары жалақы төлейтін жұмысқа да шетелдің көп тіл білетін адамы бірінші алынады.
Бірнеше шет тілін игеру ережелері жөнінде қалыптасқан пікірлер сан қилы. Кейбіреулер бір тілді толық меңгеріп алған соң ғана екіншісіне ауыз салуға болады деп есептейді. Туғалы сөйлеп келе жатқан ана тілін де толық білемін деп айта алмайтын адам шетелдің тілін түгелдей үйренемін дей алмас.
Ал біреулер бірнеше тілді бір мезгілде үйренген оңай болады деп санайды. Барлығы да адамның талпынысы мен құлшынысына, өресінің өлшеміне, қаншалықты уақыт бөлетініне байланысты.
Алдымен бір тілді үйреніп бастап, бар бос уақытыңды соған арнау қажет. Шет тілі – мұз айдынындағы коньки секілді, үнемі қашап, қайрап, жаттықтырып отырмасаң, сырғанамай қалады. Үйрене бастаған бір тіліңіздің біраз шыңын бағындырғаннан кейін, бір айдан соң екінші тілді қосуға болады. Содан кейін жайлап-жайлап ай сайын басқа тілдерді қоса бересіз. Алдымен бір-біріне ұқсайтын, туыстас тілдерді үйренсеңіз, жеңіл тиеді. Әр тілге бірдей уақыт бөлген жөн.
@. @assel_assanova