- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Басқару психологиясы пәнінің...
Басқару психологиясы пәнінің маңызы
ҚазҰУ – жарқын болашақ жаршысы! Бұл сөздің астарында терең мән-мағына жатыр. Расында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – жаңа білім, озық идеялар мен технологиялар жүзеге асатын ғылыми-білім беру және инновациялық ірі орталық. Бүгінгі таңда оқу ордамыз ел экономикасы, мәдениеті, білімі үшін жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық инфрақұрылымға ие Қазақстанның жетекші университеті және зияткерлік корпорациясы болып табылады.
Осындай мықты білім ордасында болашақ мамандардың тұтас педагогикалық үдерісті және басқару ісі бойынша кәсіптік-психологиялық құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында "Басқару психологиясы" атты пән жүргізіледі.
"Басқару психологиясы" пәнінің мақсаты – қазіргі басқару психологиясының негізгі мәселелеріне шолу жасау, жетекші іс-әрекетінің құрылымдық психологиялық аспектілерін ашу, болашақ мамандар бойында - басқару өнімділігін төмендететін психологиялық себептерді талдай білу іскерлігін қалыптастыру.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Назираш Жұбаназарова пәнді оқып-зерттеуде мынадай негізгі міндеттерге баса назар аударады:
- басқару жүйесіндегі психологиялық білімдердің маңызын ашу;
- студенттерге басқару іс-әрекетінің құрылымы және негізгі функцияларын таныстыру;
- студенттерді бірлестік құрылымдар ерекшеліктерімен таныстыру;
- студенттер бойында басқару жүйесінде практикалық жұмыс жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Бұл пәнді оқудың нәтежиесінде білім ордасынан диплом алып шыққан мамандар қоғамда және кәсіби ортада коммуникативтік дағдыларды көрсетіп, топта еркін жұмыс істей алады, даулы жағдайларды оңай шешеді, өз пікірін ұжымның пікірімен салыстыруға қабілетті болады.
Оқытудың заманауи әдістерінің, персоналды және кәсіпорынды басқару әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды; басқарудың өзіндік дамуы мен жоспарлаудың қазіргі мәселелерін талдай отырып, әдіснаманы таңдай алады; жоғары мектеп педагогикасы, басқару психологиясы, шет тілі, философия және ғылым тарихы сияқты бірқатар пәндер саласындағы ұғымдар мен білімді жинақтайды; кәсіби қызметте тиімді білім беру технологияларын, басқарудың психологиялық ерекшеліктерін, отандық және шетелдік оқу орындарының еңбектеріне сүйене отырып жұмыстың зерттеу түрлерін қолдануға мүмкіндік алады.
Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
жалпы және қолданбалы психология кафедрасы
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Аязбаева Б.
жалпы және қолданбалы психология кафедрасының
аға оқытушысы
Маратова Ә.М.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақ тілі мен әдебиетімамандығының 1-курс магистранты
Қ. Слямбек