Аудармашылық трансформация интернационалды сөздерді беруде, семантикалық жағынан кеңейіп кеткен ұғымдарды, лексика-стилистикалық құралдарды бейімдеуде, неологизмдерді, жалқы есімдерді беруде жиі қолданылады.
Алмастыру – аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу. Алмастырылатын, әдетте, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.
Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт – түпнұсқа мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәрбінің аударма мәтінде өзгеріске ұшырауы.
Ауыстыру – түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз таптарын, сөйлемшелерді, синтаксиситік байланыс түрлерін т.с.с ауыстыру.
Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісініше болуы да мүмкін [69, 106].
Лексикалық аудару. Бұл трансформациялық әрекет аударманың лексикалық мәселелеріне тікелей байланысты.
Компенсация (өтеу, орнын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және сол сөйлемнің ішінде емес, мәтіннің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді.
Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмай тұруы, көріней тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келетін жайттар болады, міне, осыған байланысты қосу тәсілі пайдаланылады.
Калька. Қазақ саяси дискурсында кездесетін реалийлер мен атаулардың көбі калька тәсілі арқылы жүзеге асқан. Түпнұсқа тіліндегі баламасыз лексиканың әр бөлігін тура аударма (сөзбе-сөз) аударма арқылы аудару.
«Мәңгілік Қазақстан» жобасы («Eternal Kazakhstan»),»Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі»(National Industrial Petrochemical Technological Park), Инфрақұрылымдық дамудың жоспары (The Infrastructure Development Plan), Жаңа Экономикалық Саясат (the New Economic Policy), Ұлттық қор (National Fund), Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясы (Universal Declaration of a Nuclear-Weapon Free World), «Бизнесті дамыту Жол картасы - 2020» (“Business road map 2020), Қазақстан халқы Ассамблеясы (Kazakhstan’s People's Assembly), Қазақстан армиясы (the Kazakh Army), Қазақстан Қарулы Күштері (Armed Forces of the Republic of Kazakhstan), Ұлы Отан соғысы (the Great Patriotic War), Ана даңқы (Maternal Glory) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (the Ministry of Economy and Budget Planning), т.б.
Транскрипция. Атырау (Atyrau), Тараз (Taraz), Өскемен (Ust-Kamenogorsk), Екібастұз (Ekibastuz), «Нұрлы Жол» («Nurly Zhol»), «Нұр Отан» партиясы (the «Nur Otan» party), Ақтөбе облысы (Aktyubinsk region), «Қазақмыс» корпорациясы (Kazakhmys Corporation), Мәслихат (Maslihat), ҚазМұнайГаз (KazMunaiGaz), Қазақ темір жолы (Kazakhstan Temir Joly), «Алтын алқа», «Күміс алқа» («Altyn Alka», «Kumys Alka»), Саламатты Қазақстан – 2050 (Salamatty Kazakstan – 2015) т.б.
Транслитерация. Транслитерация тәсілі түпнұсқа тілден аударма тілге сөздің графикалық формасын, яғни алфавиттік құрылымын жеткізу арқылы беріледі. Беларусь (Belarusian), Кавказ (Caucasus), Каспий (Caspian), Жапония (Japan), Еуропа (Europe), Ресей (Russian)
Транскрипция мен калька. Қазмырыш (KazZink), «Қазатомөнеркәсіп» (Kazatomprom), Әскери доктрина (Military Doctrine), т.б.
Генерализация әдісі. Үкімет (Government), Мәжіліс (Parliament (Mazhilis), әкім (The Governors)
Функионалды аналог. Әділет Министрлігі (Ministry of Justice), «Мәдени мұра» бағдарламасы (the «Cultural Heritage» program),
Мағыналық дамыту. «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы (the «Unity of three Languages» cultural project), т.б.
Мағыналық жағынан дамыту әдісі немесе жай ғана мағынасын басқа бірліктермен ауыстыру арқылы берген.
Біз әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық «сөзбұйда» мен шектен тыс тексерулерді жөніндегі жұмысты жалғастыратын боламыз. қысқарту
We will continue the work on fight with the administrative barriers, bureaucratic hurdles and excessive number of audits
Ағылшын тілінде бюрократ ұғымының баламасы бар, ол – bureaucracy. Алайда оның орнына әкімшілік ұғымын беретін administrative бірлігі ғана қолданылған. Ал сөзге салып, істі тындырмау, бір нәрсені жіптей созып жүре беру мағынасын беретін «сөзбұйда» бірлігін, әкімшіліктің қағазбастылығы тәрізді жағымсыз мағынаны ағылшын тіліне тек «әкімшілік кедергілер» мағынасын беретін administrative barriers бірлігі арқылы ғана берген. Яғни, контексте сәйкес мағыналық ауыстыру арқылы берілген.