- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Алғыр жастарға арналған...
Алғыр жастарға арналған екі тапсырма
Массагет порталының зерек оқырмандарына мынадай екі тапсырма ұсынамыз.
1-тапсырма:
Біреу 6 жылқысына күн сайын 10 қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге – 3 қадақ, құнандарына – 2 қадақтан, ал тай басына бір қадақтан жем береді. Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жекжатына әңгіме арасында өзінің осы тіршілігін айтып қалады. "Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?" – деп, қонақ жылқы санын есептеуге көшіпті.
Жауабы:
1 бие, 2 құнан, 3 тай.
2-тапсырма:
Тәттібек дейтін кісі меймандос екен. Бір күні оның үйіне бір топ қонақ келеді. Үй иесі оларды жылы шыраймен қабылдап, төріне шығарады. Дастархан жайылады. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартылар шақта үй иесі меймандарын көзбен шолып шығады да, сәл ойланып қалады. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп:
– Екеуара бір табақ тартсақ, онда бір табақ ет жетпей қалады, үшеуара бір табақ қойсақ, онда бір табақ ет артылып қалады, енді не істесек екен? – дейді.
Бұл үйдің меймандары қанша? Үйде бар табақ саны қанша?
Жауабы:
Адам саны – 12, табақ саны – 5.
Р. Роза