- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың тиімділігінің...
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың тиімділігінің шарттары
Қоғамның жалпы жұртшылық қабылдаған қарым-қатынас жасау дәстүрі бар. Адамдармен сөйлесу, қоғамдық барыс-келіс бір адамның өмірінде мүлде кем болса болмайтын дүниелер. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың ең басты негізі, ол – адамдармен дұрыс тілдесу, тіл табысу болып табылады. Мұнда ұлттың әдет-ғұрпы, сөйлесіп отырған істің жалпы жағдайы да қамтылады. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынас ойдағыдай жүзеге асу үшін сөз мәдениетін, сөйлеу мәнерін, сөйлеу шеберлігін қалыптастыру өте маңызды. Ал, оның тиімділігінің шарттары да тіл мәдениетімен, мәнерімен, шеберлігімен тығыз байланысты.
Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынастағы тұрмыстық сөздер деп күнделікті өмірлік қарым-қатынаста, ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын сөздерді айтады. Ол отбасы ортасында (ата-ана, ата-ана мен бала, бауыр- туғандар арасында), дос-жаран, құрбы-құрдас ортасында және күнделікті өмір-тіршілікте адамдар арасында тілдесу, пікірлесудегі сөздер. Осы тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы сөздерге жатады. Бұл жерде негізінен ауызекі сөйлеу тілінің әдебі, мәдениеті сақталады. Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас тілдесуі кезінде сөз қарапайым, еркін тіркестерді молынан қолдану, айтатын ойды еркін жеткізу, сөзде эмоционалды сөздер, қосымшалар мен демеушіліктерді жиі пайдалану керек. Сонымен бірге сөйлем диалогқа құрылуып, тілдесу кезінде сұраулы, лепті, бұйрықты сөз-сөйлемдер қосылып, қаратпа, қыстырма, одағай сөздер де болуы керек.
Сөйлеуші бір қалыпта сөйлемей дауыс ырғағы өзгеріп тұруы, құбылмалы болуы керек.
Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынаста сөз бейресми болғанымен оның өзіне тән әдебі болады және олар бірнеше түрге бөлінеді. Оның басты бірі - сәлемдесу. Қазақта «сәлем – сөздің анасы» деген аталы сөз бар. Адамның бір-біріне лебіз білдіруі сәлемдесуден басталады. Кішінің үлкенге берген сәлемі құрметтің, ізеттің белгісі. Сонымен бірге қазақ салтында бата беру, құттықтау сынды түрлер бар.
Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас сәтті, тиімді жалғасу үшін сөйлеудің әдебі, сөйлеудің мәдениеті, ырғағы сақталуы керек.
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan