- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы,...
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылымы
АҚШ жаңа құрлықтың дамыған елдеріне жатады. Жер көлемі бойынша әлемде Ресей, Канада, Қытай сынды алпауыт елдерден кейін төртінші орында тұр. Кез келген елдің экономикалық-географиялық жағдайы оған көрші жатқан елдерге тікелей байланысты. Сондықтан оның тарихы мен геосаяси ықпалы да көрші мемлекеттердің саяси құрылымына әсер етеді.
Алдымен АҚШ туралы мәлімет бере кетсек. Америка Құрама Штаттары (ағыл. The United States of Ameriсa, The USA ) – солтүстік полюстің батыс жарты шарындағы ірі мемлекет. Аталған елдің территориясы түгелдей дерлік Солтүстік Америкада жатыр. Шығысы Атлант мұхитымен, ал батысы Тынық мұхитымен шектелген. АҚШ – көптеген атақты тұлғалардың отаны. Атап айтқанда аса көрнекті саяси қайраткерлер мен өнертапқыштар Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Томас Эдисон, Генри Форд және белгілі жазушылар Марк Твен, Теодор Драйзер, Джек Лондон және Эрнест Хемингуэй осы топырақта дүние есігін ашқан.
Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары АҚШ-тың жаңа жерлерді сатып алуына байланысты аумағы кеңейіп, құрамына жаңа жерлер еңгізіледі. Мысалы: 1803 жылы Франциядан 15 миллион АҚШ долларына Луизиананы, 1867 жылы Ресейден 7,2 миллион АҚШ долларына Алясканы, 1819 жылы Испаниядан Флориданы сатып алды. Аляска мен Гавайи аймақтары штат ретінде ел құрамына 1959 жылы кіреді.
АҚШ-та 50 дербес штат және 14 провинция бар. Одан бөлек ел астанасы Вашингтон аймағы жеке округ болып, ол Колумбия Федералды Окгугі деп аталады. Айта кетсек, Аляска және Гавайи штаттары елдің негізгі территориясынан тыс жерде жатыр. Аляска Солтүстік Америка материгінің солтүстік батысында жатса, Гавайи Тынық мұхитында топтасқан аралдардан тұрады. Жалпы АҚШ-тың жер көлемі 9 миллион 363 мың шаршы шақырымға тең. Ал қазіргі кездегі халық саны 320 миллионнан асады. Бұл - АҚШ-тың әлемдегі ең халқы көп Қытай және Үндістан елдерінен кейінгі орынды алатынын көрсетеді.
АҚШ-тың мемлекеттік құрылымы
АҚШ – 50 дербес штат пен Колумбия Федералды округынан тұратын федералды мемлекет. Мемлекет басшысы – Президент. Президент әрі бас әскери қолбасшысы қызметін де қатар атқарады. Сонымен қатар, ол заң жобасын жою құқығына ие. АҚШ үкіметі 3 – тармаққа бөлінеді:
1. Заң шығарушы
2. Атқарушы
3. Сот
АҚШ-та негізгі 2 партия бар:
1. Демократиялық (1824 жылы құрылған)
2. Республикалық (1854 жылы құрылған)
АҚШ-тың саяси географиялық аумағы тәуелсіздік алғалы бері өзгеріп келеді. Расында 1776 жылы Томас Джефферсон жазған Тәуелсіздік Декларациясына сол кездегі Британдық империяның Америка құрлығындағы 13 отары қол қояды, яғни АҚШ-тың алғашқы территориясына құрлықтың шығысында орналасқан Делавэр, Пенсильвания, Нью-Джерси, Джорджия, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Оңтүстік Каролина, Нью-Гэмпшир, Виргиния, Нью-Йорк, Солтүстік Каролина және Род-Айленд штаттары кірген. Кейіннен мына жылдар есебінде АҚШ аумағы үлкейе түсті:
Штат | АҚШ құрамына кірді | Астанасы | Үлкен қаласы | |
14. | Вермонт | 1791 жыл 4 наурыз | Монтпилиер | Берлингтон |
15. | Кентукки | 1792 жыл 1 маусым | Франкфорт | Луисвилл |
16. | Теннесси | 1796 жыл 1 маусым | Нэшвилл | Мемфис |
17. | Огайо | 1803 жыл 1 наурыз | Колумбус | Кливленд |
18. | Луизиана | 1812 жыл 30 сәуір | Батон-Руж | Жаңа Орлеан |
19. | Индиана | 1816 жыл 11 желтоқсан | Индианаполис | Индианаполис |
20. | Миссисипи | 1817 жыл 10 желтоқсан | Джексон | Джексон |
21. | Иллинойс | 1818 жыл 3 желтоқсан | Спрингфилд | Чикаго |
22. | Алабама | 1819 жыл 14 желтоқсан | Монтгомери | Бирмингем |
23. | Мэн | 1820 жыл 15 наурыз | Огаста | Портленд |
24. | Миссури | 1821 жыл 10 тамыз | Джефферсон-сити | Канзас-сити |
25. | Арканзас | 1836 жыл 15 маусым | Литл-Рок | Литл-Рок |
26. | Мичиган | 1837 жыл 26 қаңтар | Лэнсинг | Детройт |
27. | Флорида | 1845 жыл 3 наурыз | Джэксонвилл | Таллахасси |
28. | Техас | 1845 жыл 29 желтоқсан | Остин | Хьюстон |
29. | Айова | 1846 жыл 28 желтоқсан | Де-Мойн | Де-Мойн |
30. | Висконсин | 1848 жыл 29 мамыр | Мэдисон | Милуоки |
31. | Калифорния | 1850 жыл 9 қыркүйек | Сакраменто | Лос-Анджелес |
32. | Миннесота | 1858 жыл 11 мамыр | Сент-Пол | Миннеаполис |
33. | Орегон | 1859 жыл 14 ақпан | Сейлем | Портленд |
34. | Канзас | 1861 жыл 29 қаңтар | Топика | Уичита |
35. | Батыс Виргиния | 1863 жыл 20 маусым | Чарлстон | Чарлстон |
36. | Невада | 1864 жыл 18 қазан | Карсон-сити | Лас-Вегас |
37. | Небраска | 1867 жыл 1 наурыз | Линкольн | Омаха |
38. | Колорадо | 1876 жыл 1 тамыз | Денвер | Денвер |
39. | Солтүстік Дакота | 1889 жыл 2 қараша | Бисмарк | Фарго |
40. | Оңтүстік Дакота | 1889 жыл 2 қараша | Пирр | Су-Фолс |
41. | Монтана | 1889 жыл 8 қараша | Хелена | Биллингс |
42. | Вашингтон | 1889 жыл 11 қараша | Олимпия | Сиэтл |
43. | Айдахо | 1890 жыл 3 шілде | Бойсе | Бойсе |
44. | Вайоминг | 1890 жыл 10 шілде | Шайенн | Шайенн |
45. | Юта | 1896 жыл 4 қаңтар | Солт-Лейк-Сити | Солт-Лейк-Сити |
46. | Оклахома | 1907 жыл 16 қараша | Оклахома-сити | Оклахома-сити |
47. | Нью-Мексика | 1912 жыл 6 қаңтар | Санта-Фе | Альбукерке |
48. | Аризона | 1912 жыл 14 ақпан | Финикс | Финикс |
49. | Аляска | 1959 жыл 3 қаңтар | Джуно | Анкоридж |
50. | Гавайи | 1959 жыл 21 тамыз | Гонолулу | Гонолулу |
2000 жылы АҚШ президенті Билл Клинтонның ұсынысымен ел провинциясы саналатын Пуэрто-Риконың саяси дәрежесін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылады. Комиссияның есебінде Вест-Индиядағы АҚШ-қа тәуелді елдің қазіргі дәрежесі расталып, азаматтарына өз дәрежесін анықтауға құқық беруді ұсынады. Халыққа саяси дәреженің үш түрі ұсынылды: қазіргі дәрежені растау, АҚШ-қа 51-ші штат болып ену немесе тәуелсіздігін жариялау.
Одан кейін 2012 жылы 6 қараша күні Пуэрто-Рикода осы мақсатпен екі кезеңде референдум өтеді. Дауыс берушілердің 65%-ы АҚШ-қа штат болып кіруді қолдаса, 31%-і АҚШ-қа одақтас мемлекет болуды, ал 5,53%-ы тәуелсізідікті жариялауды дұрыс көреді. Осылайша 51-ші штаттың құрылуы әліге дейін талқылану үстінде.
АҚШ-тың экономикалық–географиялық жағдайының қолайлы және қолайсыз жақтары бар. Мысалы, Шығысы Атлант, батысы Тынық мұхиты суларымен ұштасып жатуы, Латын Америкасы елдерімен жақын орналасуы мен Канада және Мексикамен көршілік жағдайы - қолайлы жағы болса, Аляска және Гавайи штаттары мен өзге де провинциялардың негізгі территориядан алыста орналасуы, көлік жүйесін қалыптастыруға кедергі келтіруі - қолайсыз жағы саналады.
"Аляска" деген сөз Алеут тілінен аударғанда «құрлық» деген мағынаны білдіреді екен. Ұраны: «Солтүстік – ел болашағы». Арктикалық аймақта 1784 жылы ең алғаш еуропалықтардан орыстар қоныстанған. Орыстар Алясканың суық климатына байланысты қолайсыз деп танып, АҚШ-қа сатып жібереді. Кейіннен Аляскадан мұнай, табиғи газ, тас көмір және түсті металдардың кені табылады.
Гавайи — Тынық мұхитының орталық бөлігінде орналасқан экзотикалық штаттың бірі. 1779 жылы Мұхит ортасынан орын тепкен аралдар тобын ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук ашады. Қазіргі кезде Гавайи аралдарын жылына 7 миллион турист келеді екен.
Сурет: tonkosti.ru
Оқи отырыңыз:
Экономиканы ұйымдастырудың типтері
Сабақ жоспары: London and Astana (Ағылшын тілі 8-сынып)
Сабақ жоспары: «Қажымұқан» С.Сейфуллин (Әдебиеттік оқу 2-сынып)
Ж. Өрісбай