Адам баласы төрткүл дүниені қарасөз арқылы құбылтып, өмірдің барлық шындық құпия-сырын тек абстракциялы ой, ұғым арқылы топшылап қана қоймайды. Сонымен қатар қолмен ұстап, көзбен көрер нақты затты бүге-шүгесіне дейін бейнелейді. Мұның барлығы тіл құдіреті арқылы жүзеге асады. Адам табиғатынан нәзік, ерік құмар, бостандық сүйгіш екені белгілі. Міне дәл осы арада әдебиет оқырманға бұрын беймәлім болған оқиғаны, шындықты, бейтаныс заманды танытады. Көзі ашылады, көкірегі ояу жүреді. Әлемді басқа қырынан көреді. Жеке тұлға өмірін жандандыра түседі.
Әдебиеттің қоғамдағы орнын айтпастан бұрын оның жұрт алдындағы маңыздылығын арашалап алуымыз қажет. Қандай бір әдеби туынды болмасын, ол бұрын-соңды белгісіз болып келген нәрсені ұқтырады. Төрт қабырғалы бөлмеден шығудың жолын қарастырады. Яғни жалғыз ғана есікті сізге айқара ашады. Сізге түсініксіз болған өмір заңдылығын тереңдеп, танытпақ. Әдебиет оқушының өмірді тануына, оның эстетикалық ұғым-түсінігін, сезімін байытуға қызмет етеді. Әдебиеттің қоғамдағы атқаратын рөлі зор. Мысалы, шығармада бейнеленген тұлғаға оқырман елігеді, оған ұқсауға тырысады. Құбылысты сөзбен емес іспен жасатады.
Көркем әдебиет саласында тұрмыс-салт жыры, шешендік сөз өнері, айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, батырлық, ғашықтық, эпос, тарихи жырлар ауқымды дамыған. Олар өз кезіндегі қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесін көрсетеді. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дербес идеясы жырланған.
Әдебиеттің мәні – негізінен тәрбие, ізет, өнеге, көркемдікке сүйеніп, «әдеп» түбірінен тарайды. Мұнымен қоса, көбіне ол дүниетанымға қатысты рухани өмірдің жаңа сырларын ашуға себеп болады.
Оқи отырыңыз:
«Аққан жұлдыз» - тарихи роман. Тіл көркемдігі
Жаяу Мұсаның «Сұрша қыз», «Хаулау» өлеңдері
Шәңгерей поэзиясындағы философиялық ой-түйін
Шәңгерей Бөкеев «Бұл дүние пәнилығын етеді екен» өлеңіне талдау
Сурет: aport-tv.kz