Адам баласы ойлап тапқан ең құнды дүние – тіл. Ол – бір ұлт арасындағы қарым-қатынасты ретке келтірудің негізгі құралы. Оның өңделу, нормалану сынды қасиеттері бар. Өңделуі мақсатты түрде тілдегі ең керекті сөздерді таңдап алумен тікелей байланысты. Бұл таңдау филолог ғалымдардың, қоғамды құраушылардың зерттеу нәтижесінде жүзеге асады.
Әдеби тіл баршаға ортақ әрі түсінікті. Мұнымен қатар қазіргі әдеби тіл көп қызметті. Адам баласына қатысты түрлі салада қолданылады. Олардың ең негізгілері : саясат, ғылым, мәдениет, сөз өнері, білім, радио, телевидение.
Егер ұлттық тілдің түрлілігін басшылыққа алатын болсақ, әдеби тіл алдыңғы қатарға шығады. Әдеби тіл мен әдеби емес тіл бір-бірімен үнемі әрекеттеседі.
Ғылыми лингвистика оның негізгі белгілерін төмендегідей көрсетеді:
- өңделуі;
- тұрақтылығы;
- барлық меңгерген;
- нормаланған;
- және функционалды стильдердің болуы.
Қазақ әдеби тілі ауызекі, жазба тіл секілді екі формада кездеседі. Олардың әрқайсысының қолданылу аясы бар. Сөйлеген сөз дұрыс әрі нақты болған сайын көпшілікке түсінікті бола түседі. Көркемдік элементтер көп қолданылған сайын тыңдаушыға жақсы әсер қалдырады. Ал әдемі сөйлеу үшін әдеби тіл нормасын толықтай сақтау керек. Яғни қайталаудан, бір уақытта әр түрлі стильді араластырып сөйлеуден аулақ болу керек.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: qazyna.gazblog.kz