Абайдың 29-шы қара сөзіне талдау

Абайдың 29-шы қара сөзіне талдау

Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде қазақ халқы ішінде қалыптасып қалған кейбір түсініктерді мақал-мәтелдері арқылы сынайды. "Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар", – дейді ол. Ақын осылайша сол кездегі қазақ қоғамындағы моральдік құндылықтарды сөз етіп, сынайды.

«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе?і», – деп елдің материалдық құндылықтарды бірінші орынға қойғанына налиды.

Қара сөзде Абай елді тіленшіліктен қайтарып, адал жолмен еңбек етіп, арамдықтан алыс болуға шақырады.

сурет: altaynews.kz

Е. Қайрахан