Кеңес дәуірінде әдебиетті таптық, партиялық деп бөлудің себептері

Ленин өзінің 1905 жылы жазған «Партиялық ұйым мен партиялық әдебиет» деген мақаласында социалистік революция мен коммунизм құру дәуірінде көркем әдебиеттің болмысы мен бітімі қандай болу керектігін талдап түсіндірді. «Әдебиет партиялық әдебиет болуға тиіс,— деді Ленин.— Буржуазиялық мінез-құлықка қарама-қарсы, буржуазиялық кәсіп иелеріне тән, жалдаптық баспасөзге қарама-қарсы, буржуазиялық әдеби мансапқорлыққа, жекешілдікке, «бариндік анархизмге» және пайдакүнемдікке түсушілікке қарама-қарсы социалистік пролетариат партиялық әдебиеттің принципін ұсынуға, осы принципті дамытып, мүмкіншілігінше неғұрлым толық және тұтас формада оны жүзеге асыруға тиіс».
Лениннің партиялық әдебиет туралы мұнша ашық және батыл ұсынысы кезінде талайларды теңселтіп жіберген: Н. Минский, Д. Мережковский, Н. Бердяев, тіпті В. Брюсовка дейін жоғарыдағы лениндік қағидаға қарсы шықты. Олар жалпы адам баласына тән және ортақ өнер жекелеген таптық мүлдеге де, саяси мақсатқа да қызмет етпейді, жалпы мен жалқыны бұлайша жанастыруға болмайды деп даурықты. Лениннің мақаласы жарияланып, оның қағидалары социалистік реализм әдебиетінің идеологиялық ірге тасына, идеялық негізіне айналғалы жарты ғасырдан артық уақыт өтті, бірақ әдебиеттің «баршаға бірдей ортақтығы», «әдебиетшінің дара-қара басының бостандығы», суреткерлік өнердің «абсолюттік еркіндігі» жайлы даурығулар әлі күнге гулеумен келеді.
Мұны Ленин де білген және дәл әлгі мақалада бостандық жақтаушы интеллигенттердің бірі болмаса бірі айғай сап: «Қалай? Сіз, әдеби шығарма сияқты, мәнерлі жеке бастық істі коллективтікке бағындырғыңыз келе ме? Сіз жұмысшылардың ғылым, философия, эстетика мәселелерін көпшілік дауыспен шешуін тілейсіз бе? Сіз абсолюттік жеке бастық идеялық шығарманьщ абсолюттік еркіндігін жоққа шығарып отырсыз!» — деп, қарсыласатынын айта келіп, бұл қарсылыққа былай жауап береді: «—Тынышталыңыздар, мырзалар! Біріншіден, сөз партиялық әдебиет туралы және оның партиялық бақылауға бағынуы туралы болып отыр. Әрбір адам ешбір тежеусіз не тілесе соны жазуға, айтуға ерікті. Бірақ әрбір ерікті одақ (оның ішінде партия) бейпартиялық.

«Партияның  көркем  әдебиет  саласындағы  саясаты»  туралы  1925  жылғы  қаулы  —  таптық  әдебиетті  өркендетудің  программасы,  ақын-жазушылардың  творчестволық  бағытын  жасау  арнасы. Қазақстан  баспасөздерінің  қазақ  кеңес  әдебиетін  өркендетудегі  ролі.  1925  жылы  ҚазАПП-тың  құрылуы.

ҚазАПП-тың  әдебиет  кадрын  таптық  тұрғыда  топтастырудағы,  көркем  шығармалардың  партиялық  принципін  айқындаудағы  әрекеті,  алашшыл  ақын-жазушыларға  қарсы  жүргізген  күресіндегі  артық-кем  сілтестер,  ҚазАПП  жұмысындағы  қате-кемшіліктер.  Тұрпайы  социологизмнің  зияны,  творчество  саласында  әкімшілікке  бой  ұрудың  терістігі,  жолбикелерге  достық  қарым-қатынастың  кемдігі,  эстетикалық  сын  принциптерінің  бұрмалануы.

Сурет: qamshy.kz