Сабақ жоспары: Зат есім (Қазақ тілі 3-сынып)

Тантаева Қарлығаш Сериковна, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың  тақырыбы:  Зат есім

Сабақтың  мақсаты:

Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, дидактикалық материалдар, тест, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың түрі: саяхат  сабақ.

Сабақтың әдісі: жұптық әдіс, өз бетімен жұмыс, өзі-өзін бағалау әдісі. Сабақтың  барысы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Cабақтың ұраны:

Қазақ тілім - өз тілім дана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың   мәңгі сені

Болашағым, бақытым қазақ  тілім

1) Психологиялық дайындық:

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

Яғни, елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің болашағы –  білімді ұрпақ қолында!» -деп айтқандай білімді болуымыз керек.

Олай болса тапсырмаға мұқият қарайық. 

Сабақ жоспарының толық нұсқасын тегін жүктеу     

Сурет: riaus.org.au

Редакциядан: Құрметті ұстаз, сабақ жоспарларын, ашық-тәрбие сағаттарын т.б. Massaget.kz порталынан көргіңіз келсе, жұмысыңызды massaget.kz@gmail.com поштасына жолдаңыз.