- Негізгі бет
- Ұсынамыз
- Қазақстанда жарнама берушілердің...
Қазақстанда жарнама берушілердің 83%-ы қалыпты БАҚ-ты таңдайды
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы әлемнің озық сарапшыларымен және отандық компаниялармен бірлесіп, Digital marketing workshop интернет-маркетингке тегін оқыту курсы әлеуметтік жобасын бастады.
Бағдарлама ісін енді бастаған кәсіпкерлерге, интернет-маркетингте жұмыс істеуді жоспарлаған немесе аздаған тәжірибесі бар менеджерлер мен маркетологтарға арналған. Оқыту интернет-маркетингтің көптеген кезеңіндегі білімді жүйелеп, тереңдетеді, тәжірибелік машықты дамытып, біліктілікті арттырады, міндетті дұрыс қоюды, интернетте дамудың кешенді стратегиясын құруды және жүзеге асыруды үйретеді.
Қазақстанның жарнама нарығында қалыптасқан дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының саны басым: телевизия – 67%, баспасөз басылымы мен ақпараттық агенттіктер – 10%, радио – 6%, интернет пен әлеуметтік желідегі жарнама – 8%, ал сыртқы жарнама – 9%. Бұл мәліметті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының интернет-маркетинг мектебінің ашылуында «Видео-Интернешнл Казахстан» ЖШС бас директоры Илья Жумаев хабарлады.
«Біздің зерттеуімізге сүйенсек, жарнама берушілердің басым көпшілігі әдеттегідей тексерілген алаңдарды пайдаланып келеді. Телеарна – отандық аудитория үшін ұтымды, шалғайда әрі логистикасы күрделі кеңістікті қамту күші жоғары. Мысалы, Ресейде эфирлік уақыттың барлығы сатылған, ал бізде бар болғаны 67%. Интернет-меркетингті де салыстырсақ, баяу даму үстінде. Қазақстанда 8% болса, Ресейде – 38%, АҚШ-та – 35%. Бұл интернет-маркетинг нарығында маманның аздығын білдіреді. SЕО, баннер пен контекстік жарнама, вирустық роликтер мен рич-медиа саласындағы саласындағы білікті мамандар саусақпен санарлықтай», - деді Илья Жумаев.
TNS Central Asia агенттігінің зерттеуі бойынша Қазқстан халқының 83% интернетті қолданады. Сауалнамаға 1000 мыңнан астам тұрғыны бар қалалардағы 18 бен 54 жас аралығында 2000 адам қатысқан.
«Қазақстанның бір азаматы телефонын күніне орташа есеппен 85 рет тексеріп, интернетке 2,5 сағат уақыт жұмсайтыны анықталды. Сауалнамаға қатысушылардың 19,1% қарапайым телефон ұстаса, 78,7% смартфон пайдаланады, ал 16,4%-ында планшет бар. Келешекте қалыптан тыс (вирусты маркетинг пен PR) мен жасанды емес, мобильдік жарнама жобалары дамиды», – деп баяндады Vi Digital бас директоры Виталий Савков.
Курс барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов жарнама нарығын дамытудың маңыздылығы жайында баяндады.
«Қазіргі таңда тауарды өткізудің қажеттілігі туралы айтудың мәні жоқ. Бүгінде жарнама берудің түрі өзгерді, күн сайы жаңа тәсілдер мен мүмкіндіктері пайда болады, осы саладағы жаңашылдық туралы тек кәсіби мамандар хабардар. Осы факторлардың барлығын ескере отырып, әлеуметтік жоба ретінде Digital marketing workshop интернет-маркетингке тегін оқыту курсын өткізуді қолға алдық. Бұл бағдарлама кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге, менеджерлер мен маркетологтарға арналған. Оқыту барысында интернет-маркетингтің көптеген салаларына қатысты терең біліп беріліп, тәжірибелік машықтар, біліктілікті арттырып, міндетті дұрыс қоюды, интернетте кешенді стратегияны әзірлеп, оны жүзеге асыруды үйретеді. Цифрлық маркетинг саласындағы нағыз шебер серіктестерімізге бастамамызға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін», – деді Юрий Тілеумұратов.
Курсты аяқтағандарға Digital marketing workshop сертификаты табыс етіледі. Белсенді қатысушылар Google мен Яндекс компанияларынан шақырылған спикерлермен кездесуге қатыса алады.
О. Сансызбай