- Негізгі бет
- Ұсынамыз
- Кәсіпкерлікке бастайтын фильмдер...
Кәсіпкерлікке бастайтын фильмдер
Кітаптан кейін адам өмірінде маңызды орын алатын ол – фильм. Себебі санада қалыптасқан образды көз алдыңа әкеліп беру үлкен өнер. Бұл әрине кино саласындағы режиссердің, оператордың шабытына қарай. Режиссердің мықтылығымен келген фильмдер арқылы сіздің түрлі жетістікке жетуге, шабыт алуға мүмкіндігіңіз туады. Мәселен жетістікке бастайды.
Стив Джобс ләззат патшалығы (Стив Джобс Империя соблазна)
Әлемдік брендке айналған Apple компаниясының негізін қалған Стив Джобстың дүниежүзі мойындайтын жетістікке қалай жеткені туралы, жастық шағы, еңбекқорлығы туралы көрсетіледі. Жас Стив Джобстың ақылы, оның қабілеті, түрлі қиындықтар арқылы жетістікке жету жолындағы табандылығы суреттеледі.
Тинейджер миллиард жолында (Тинейджер на миллиард)
Мектеп қабырғасында жүріп ақша табудың көзін тапқан Тоб есімді жас кәсіпкер туралы фильм. Кәсіпкер отбасында тәрбиеленген жігіттің өзіне жұмыс жасап, ақшаны өз алдына тапқысы келеді. Отбасы түрлі жағдайларға тап болып, бастарына қиындық туған кезде ата-анасы амалсыз Қытай асып кеткен кезде, Тайландта жалғыз қалып өзінің ісін алға жүргізе бастаған жігіттің басынан өткен сәтсіздіктері суреттеледі. Фильмнің негізгі ерекшелігі адамға жігерлі болуды және артқа шегінуге болмайтынын дәлелдейді.
Шылым шегуге болады (Здесь курят)
Ник Нэйлор – нағыз маркетолог. Ол шылым өндіретін алып кәсіпорынның вице-президенті болып жұмыс жасайды. Оны бүкіл Америка жек көреді. Себебі адамның өміріне қауіпті өнімді жарнамалайды деп түсінеді. Шындығында солай. Дегенмен кино ол мақсатта түсірілмеген. Онда екі түрлі ерекшелік бар: бірі адамға таңдау берудің және таңдау жасауды үйретсе, екіншісі адам өміріне зияны әрі қауіпті затты қалай жарнамалауға болатынын көрсетеді. Яғни ең жаман деген өнімнің өзін жарнамалап өткізуге болатынын дәлелдеу арқылы, адамдарға әр нәрсенің көзін табуға көмектеседі.
McDonalds иесі (Основатель McDonalds)
Фильм атауы тура дәл осы аудармаға сай келмеуі мүмкін, бірақ қазақ тіліндегі қазақша баламасын дәлме-дәл. Себебі фильм жылына 50 миллард доллар табыс әкелетін бренд McDonalds өнімнің тарихы турасында сыр шертеді. Ағайынды McDonalds өнімін жасаған жігіттер туралы және олардың өнімдерін франшиза жасау арқылы бүкіл компанияны өзіне сатып алған компания директоры Рэй Крок жайында түрлі ақпараттармен таныса аласыз.
Фильмнің соңында түйетін түсінік: «берсе қолынан, бермесе жолынан» деген қазақтың сөзіне саяды.
М. Ақан