"Фрикономика". Левитт-Дабнер

Мектеп оқытушысы мен Сумо балуандарының арасында қандай ұқсастық бар? Күнбағыс Күнге қарап өсе ме әлде Күн күнбағысты өзіне қаратуға міндеттей ме? Осы сынды дәстүрлі емес ойлау стилінен кенде болмасаңыз, онда сіз "фрикономиссіз".

"Фрикономика" кітабы қисынсыз аргументтермен оқырманға салыстыруға болмайтын жағдайлардың салыстыруға үйретеді. Әртүрлі логикалық сұрақтар мен ойға қонымсыз түйілетін тапсырмаларды шешуге бейімдейді.

Әрбір оқиға басында келтірілетін диалогтар Шерлок Холмс пен Дәрігер Ватсон арасындағы әңгімеге ұқсайды. Авторлар осы стильмен үйретуші және үйренуші образын дайындаған. Бір сөзбен айтқанда, фрикономика - социология мен психологияның біріктірілген, екеуіне ортақ ғылым саласы.

Кітап өз бизнесін бастауға сенімін оята алмай жүргендерге арналған. Кәсіпкерлікке үйрететін кейбір нұсқаулықтар оқырманның сыни көзқарасын дамытуға бағытталады. Бизнестегі әртүрлі қиын жағдайда қалай әрекет ету керек екенін үйренесіз.

"Freakonomics" сөзінде қолданылған "freak" сөзі семантикасы ұсқынсыз, кемтар, кеміс, тым әуестенген, алжасқан, кияли, әдеттен тыс, оғаш деген ұғымдарды береді. Кітап мазмұнына қарайтын болсақ, атауы "көппен бірдей ойламайтын адамдарға арналған өзіндік ғылым" семантикалық мағынасын береді.

"Фрикономика" бестселлерінің авторлары - Стивен Левитт (сол жақтағы) пен Стивен Дабнер (оң жақтағы)

Бестселлер авторлары - Стивен Левитт есімді профессор мен The New York Times Magazine редакторы Стивен Дабнер. Левитт мырза АҚШ-тың Чикаго университетінде экономика саласының лекторы болса, Дабнер мырза танымал The New York Times басылымының редакторы әрі жазушы. Екеуінің де есімі Стивен болған соң, кейде кітаптың авторы Стивен Левитт-Дабнер деп көрсетіледі.

Бүгін ұсынылған кітапты оқып үлгерген болсаңыз, онда оның жалғасы ретінде шыққан "Суперфрикономика" кітабына да назар салып көріңіз.