- Негізгі бет
- Ұсынамыз
- Электронды төлем қәуіпсіздігінің...
Электронды төлем қәуіпсіздігінің болашағы қандай?
Несие карталары арқылы жасалатын транзакциялардың қәуіпсіздігі электронды төлем операторларының басты құндылығы екені белгілі. Десе де, қауіпсіздік деңгейі күшейген сайын алаяқтардың мүмкіндігі де артып келеді.
"Жақын болашақта электронды қаржы операцияларын жасауға адамның бармақ ізі мен көзін сканерлеу жүйесі де енгізіледі. Бұл интернет транзакциялары қәуіпсіздігінің ең жоғарғы деңгейі болуы тиіс",– дейді Visa компаниясының Орта Азия елдері мен Қазақстандағы өкілі Ғалым Табылдиев.
Ұлттық Банктің ресми ақпаратына орай, Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері Visa аударым жүйесіне негізделген 25 миллион несие картасы пайдалануға берілген.
Табылдиев мырзаның айтуынша, Visa карталарының арасындағы ақша аударымдар қәуіпсіздігі жоғары деңгейде. Алаяқтар қаржы транзакциясымен айналысатын екі компанияның (Мысалы, Visa мен Mastercard) карталары арасындағы аударымдарға баса назар салып жүр. Несие картасының иесі де жеке ақпараттарына мұқият болмаса, бар капиталынан айырылып қалуы бек мүмкін.
Қазақстанда енді танымал бола бастаған payWave жүйесі электронды төлем мен аударымдарды автоматтандырудың бастапқы кезеңіне жатады. Транзакцияларды модернизациялаудың кейінгі кезеңіне смартфондардың көмегімен қаржы операцияларын орындау жатады. Бұл салада әлемде әзірге Apple (Apple Pay), Google (Android Pay) және Samsung (Samsung Pay) корпорацияларының технологиялық шешімі көш бастап тұр.
Samsung Pay жүйесі Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай, Испания, Сингапур, Аустралия, Пуэрто-Рико,
Бразилия, Ресей, Таиланд, Малайзия және Үндістан елдерінде қолданылады.
Мобильді құрылғының көмегімен төлем жасау әзірге Қазақстанда трендке айналған жоқ. Бірақ Samsung Pay жүйесі жақын болашақта Қазақстан нарығына кіруді жоспарлап отыр.
Интернеттегі хакерлер бұл жүйелердің де сағын сындыруы мүмкін. Сондық қаржы технологиясымен айналысатын компаниялар барынша жылдам көздің сканері мен бармақ ізін қаржы операциясының алғышарты ретінде қолдануға негіздеулері керек.
Ж. Өрісбай