Ертең Ыстамбұл қаласында Бүкіләлемдік түркі форумы басталады. Түрік Азия Стратегиялық зерттеулер орталығының (TASAM) ұйымдастыруымен төртінші рет өткелі отырған алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясы қолдау көрсетіп отыр, - деп хабарлайды BNews.kz.
Форум барысында Түркі дүниесінің «Қызыл алма» сыйлығы табыс етіледі. Аталған сыйлық өткен жылдан бастап беріле бастаған. «Мемлекет», «Бизнес», «Ғылым», «Мәдениет» қатарлы бірнеше аталым бойынша тағайындалады.
Жалпы «Ашық дипломатия. Медиа. Ақпарат» тақырыбында 3 күнге жоспарланған форумның бір сессиясы әйгілі Шанаққала шайқасының 100 жылдығына арналады.
Халықаралық Түркі академиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2010 жылдан тұрақты өткізіле бастаған форумға жыл сайын 60-тан астам мемлекет қатысады. Биыл да осынша елден мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен халықаралық ұйым басшылары қатысады деп күтілуде.
сурет: ytb.gov.tr