Тайқазан – тарих еншісіндегі үлкен ескерткіш. Алты ғасырлық тарихты арқалаған осы құндылық туралы бүгінгі ұрпақ біліп жүруі тиіс қызықты деректер бар. Оқып танысыңыз.
1. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусым күні Әмір Темір тапсырысымен сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Түркістан қаласының батысынан 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде орналасқан.
2. Тайқазанның салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы – 3 мың литр. Қазан сыртындағы арабтың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Йассауи кесенесіне арналып жасалғаны айтылады.
3. Қазан сыртындағы жазулардың екінші қатарындағы он сегіз рет қайталанып жазылған «Мубарак бад» деген сөз де құтты болсын, берекелі болсын, береке дарыған орын деген мағынаны береді.
4. Қазан сыртындағы үш қатар жазулардың төменгі жағында орналасқан отызға жуық төмпешіктерді ғалымдар «Куббалар» дейді.
5. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты мұражай Эрмитажға, Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, қыркүйектің 18 жұлдызында ғана тарихи отанына қайтарылады. Бұл істе, мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың біртуар перзенті, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегін айрықша атап өткен жөн.
Нұрсерік Жолбарыс