- Негізгі бет
- Түп тамыр
- Қызыл сөзімен байланысты...
Қызыл сөзімен байланысты жер-су атаулары
Қазақ халқының түсінігінде «қызыл» түс – жастық мен сұлулықтың, әдемілік пен нәзіктіктің, сыпайылықтың нышаны. «Қан түсті, қырмызы» мағыналарын білдіретін бұл түстің қазақ халқының танымында алатын орны ерекше. Әсіресе, большевиктік, коммунисттік түсінікті білдіретін «қызыл» сөзі саяси терминге айналып тарихи санаға негіз болды.
Көркемдік мен сұлулықтың нышаны әрі тарихи сананың жемісі болған қызыл түс халық танымында берік орнағаны сонша – топонимдік мұраға айналып, жер-су атауларының пайда болуына қомақты үлес қосты.
Оның әлі де нақты, көркем атаулар тудыру әлеуеті сарқылған жоқ. Алайда ендігі атаулар, негізінен, түсті білдіретін төл мағынасымен қатысып отыруға тиіс. Саяси үгіт-насихат мақсатында пайда болған Қызылақырап (Қызылоктябрь мәнінде), Қызылауыл, Қызыләскер, Қызылжетек (жетекші көсем мағынасында), Қызылкишлак, Қызылқоғам, Қызылқұрама («колхоз» мағынасында), Қызылоктябрь, Қызылотау (саяси-мәдени үй), Қызылпартизан, Қызылпресс, Қызылту, Қызылұйым, Қызылшекара, Қызылшкол секілді кеңестік ойконимдер түгел алмастыруды қажет етеді. Осыдан былай түр-түсті білдіретін сөздерді саясатқа тартуға болмайды. Мәселен, ендігі туымыздың түрі көк екен деп көк сын есімін саяси терминге айналдыру дұрыс емес.
Сонымен, «қызыл» сыны есімі негіз болған еліміздегі жер-су атаулары төмендегідей:
Қызыл + абад (е.м. Жамбыл обл., Жамбыл ауд.)
Қызыл + ағаш (е.м. ШҚО, Жарма ауд.)
Қызыл + ағаш + сор (көл. Павлодар обл., Успенск ауд.)
Қызыл + адыр (тау, 774 м. ШҚО, Семей қ.ә.)
Қызыл + айрық (қоныс. Алматы обл., Жамбыл ауд.)
Қызыл + ақырап (қыстау. БҚО, Теректі ауд.)
Қызыл + апан (жұрт. Ақтөбе обл., Байғанин ауд.)
Қызыл + арай (таулар, 1550 м. Қарағанды обл., Ақтоғай ауд.)
Қызыл + арасан (бұлақ. Алматы обл., Ұйғыр ауд.)
Қызыл + арық (е.м. ОҚО, Бәйдібек ауд.)
Қызыл + астау (құдық.Маңғыстау обл., Маңғыстау ауд.)
Қызыл + асу (е.м. ОҚО, Сарыағаш ауд.)
Қызыл + ата + сай (өзен. ОҚО, Қазығұрт ауд.)
Қызыл + ауыз (құдық. Жамбыл обл., Сарысу ауд.)
Қызыл + ауыл (е.м. ШҚО, Бородулиха ауд.)
Қызыл + аша (өзен. Ақтөбе обл., Әйтеке би ауд.)
Қызыл + ащы (тау, 1735 м. ШҚО, Күршім ауд.)
Қызыл + ащы + биік (шың. ШҚО, Күршім ауд.)
Қызыл + әскер (е.м. Алматы обл., Жамбыл ауд.)
Қызыл + әуіт (көл. Жамбыл обл., Талас ауд.)
Қызыл + байрақ (е.м. ОҚО, Созақ ауд.)
Қызыл + балақ (жұрт. Атырау обл., Исатай ауд.)
Қызыл + бас (е.м. БҚО, Тасқала ауд.)
Қызыл + бастау (өзен. Алматы обл., Ескелді ауд.)
Қызыл + белдеу (қоныс. Алматы обл., Кербұлақ ауд.)
Қызыл + белең (тау, 972 м. Жамбыл обл., Мойынқұм ауд.)
Қызыл + берік (тау, 1815 м. ШҚО, Үржар ауд.)
Қызыл + бидай (е.м. Ақмола обл., Бұланды ауд.)
Қызыл + бидайық (қоныс. Ақмола обл., Бұланды ауд.)
Қызыл + биік (тау. 843 м. ШҚО, Жарма ауд.)
Қызыл + бұлақ (бұлақ. Ақтөбе обл., Шалқар ауд.)
Қызыл + дала (е.м. ОҚО, Қазығұрт ауд.)
Қызыл + дәу (е.м. Павлодар обл., Қашыр ауд.)
Қызыл + диқан (е.м. Қызылорда обл., Шиелі ауд.)
Қызыл + егіс (е.м. Ақмола обл., Зеренді ауд.)
Қызыл + еңбек (е.м.Павлодар обл., Май ауд.
Қызыл + еспе (арна. Жамбыл обл., Қордай ауд.)
Қызыл + жайма (қоныс. ОҚО, Созақ ауд.)
Қызыл + жақ (қыстау. Ақтөбе обл., Темір ауд.)
Қызыл + жал (шоқы, 607 м. Қарағанды обл., Жаңаарқа ауд.)
Қызыл + жан (қыстау. Ақтөбе обл., Байғанин ауд.)
Қызыл + жан + көл (көл. ШҚО, Жарма ауд.)
Қызыл + жар (қыстау. ШҚО, Абай ауд.)
Қызыл + жар + еспе (қоныс. Маңғыстау обл., Бейнеу ауд.)
Қызыл + жар + көл (көл. Қызылорда обл., Сырдария ауд.)
Қызыл + жар + құдық (құдық. Қызылорда обл., Арал ауд.)
Қызыл + жарма (канал. Қызылорда обл., Қармақшы ауд.)
Қызыл + жар + сай (өзен. Ақтөбе обл., Ойыл ауд.)
Қызыл + жел (қоныс. Ақмола обл., Бұланды ауд.)
Қызыл + жетек (е.м. ШҚО, Шар ауд.)
Қызыл + жиде (е.м. Алматы обл., Панфилов ауд.)
Қызыл + жол (е.м. ОҚО, Түркістан қ.ә.)
Қызыл + жыңғыл (қоныс. Қызылорда обл., Шиелі ауд.)
Қызыл + ирек (қоныс. Алматы обл., Жамбыл ауд.)
Қызыл + кезең (өзен. Алматы обл., Ұйғыр ауд.)
Қызыл + кемер (сор. Жамбыл обл., Мойынқұм ауд.)
Қызыл + кеніш (көне сарай. Қарағанды обл., Қарқаралы ауд.)
Қызыл + кең (қыстау. Қарағанды обл., Нұра ауд.)
Қызыл + кеңгір (қоныс. Қарағанды обл., Шет ауд.)
Қызыл + керіш (қоныс. Алматы обл., Панфилов ауд.)
Қызыл + кесек + мола (бейіт. Ақтөбе обл., Әйтеке би ауд.)
Қызыл + кесік (е.м. ШҚО, Тарбағатай ауд.)
Қызыл + кишлак (е.м. ОҚО, Сайрам ауд.)
Қызыл + көл (көл. Ақмола обл., Аршалы ауд.)
Қызыл + күнгей (жота. Алматы обл., Кербұлақ ауд.)
Қызыл + қабан (тау, 458 м. ОҚО, Отырар ауд.)
Қызыл + қайнар (бұлақ. Павлодар обл., Баянауыл ауд.)
Қызыл + қайрат (е.м. Алматы обл., Талғар ауд.)
Қызыл + қайық (өзен. Ақтөбе обл., Хромтау ауд.)
Қызыл + қайың (қыстау. ШҚО, Катонқарағай ауд.)
Қызыл + қақ (қыстау. БҚО, Казталов ауд.)
Қызыл + қала (ескі қала орны. Қызылорда обл., Шиелі ауд.)
Қызыл + қара (жұрт. ШҚО, Тарбағатай ауд.)
Қызыл + қарағай (жота. ШҚО, Зырян ауд.)
Қызыл + қия (жота. Алматы обл., Панфилов ауд.)
Қызыл + қоғам (е.м. Павлодар обл., Аққу ауд.)
Қызыл + қой (өзен. Қарағанды обл., Шет ауд.)
Қызыл + қора (асу. Алматы обл., Көксу ауд.)
Қызыл + қорған (қоныс. Алматы обл., Іле ауд.)
Қызыл + құдық (қоныс. Павлодар обл., Қашыр ауд.)
Қызыл + құз (құдық. Атырау обл., Жылыой ауд.)
Қызыл + құм (құмды алқап. Қызылорда обл.)
Қызыл + құрама (е.м. Павлодар обл., Май ауд.)
Қызыл + құрт (жайлау. БҚО, Казталов ауд.)
Қызыл + қыз (қоныс. Алматы обл., Қарасай ауд.)
Қызыл + қырқа (жота. Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауд.)
Қызыл + қыстау (е.м. Жамбыл обл., Меркі ауд.)
Қызыл + мешіт (жұрт. БҚО, Ақжайық ауд.)
Қызыл + мойнақ (қоныс. Алматы обл., Райымбек ауд.)
Қызыл + мойын (тау. Алматы обл., Панфилов ауд.)
Қызыл + оба (тау, 1064 м. ШҚО, Абай ауд.)
Қызыл + ой (құдық. Маңғыстау обл., Қарақия ауд.)
Қызыл + ойық (тау, 1014 м. Қарағанды обл., Шет ауд.)
Қызыл + октябрь (е.м. ОҚО, Бәйдібек ауд.)
Қызыл + орда (қала. Қызылорда обл.)
Қызыл + отау (е.м. ШҚО, Семей қ.ә.)
Қызыл + өзен (е.м. Маңғыстау обл., Түпқараған ауд.)
Қызыл + партизан (е.м. ШҚО, Глубокое ауд.)
Қызыл + пресс (е.м. ОҚО, Төле би ауд.)
Қызыл + сай (төбешік. Қарағанды обл., Нұра ауд.)
Қызыл + сарай (жұрт. Павлодар обл., Ертіс ауд.)
Қызыл + сая (е.м. Ақмола обл., Зеренді ауд.)
Қызыл + сеңгір (қыстау. Қарағанды обл., Нұра ауд.)
Қызыл + сиыр (қыстау. Жамбыл обл., Тұрар Рысқұлов ауд.)
Қызыл + сор (көл. Ақмола обл., Ерейментау ауд.)
Қызыл + сораң (тау. Алматы обл., Кербұлақ ауд.)
Қызыл + сөк (е.м. Алматы обл., Жамбыл ауд.)
Қызыл + су (өзен. Ақмола обл., Жақсы ауд.)
Қызыл + суат (е.м. Ақмола обл., Целиноград ауд.)
Қызыл + су + өзен (өзен. Қызылорда обл., Жаңаарқа ауд.)
Қызыл + сүйір (шоқы. Қарағанды обл., Бұқар жырау ауд.)
Қызыл + сүре (төбешік, 375 м. Қарағанды обл., Нұра ауд.)
Қызыл + сырт (тау, 686 м. Қарағанды обл., Шет ауд.)
Қызыл + тал (өзен. Алматы обл., Алакөл ауд.)
Қызыл + там (тж. бекеті. Қызылорда обл., Қармақшы ауд.)
Қызыл + таң (е.м. Ақмола обл., Жарқайың ауд.)
Қызыл + тас (шоқы. Ақмола обл., Астрахан ауд.)
Қызыл + тау (жота, 492 м. Қарағанды обл., Нұра ауд.)
Қызыл + текше (тау. Алматы обл., Райымбек ауд.)
Қызыл + тентек (өзен.Алматы обл., Алакөл ауд.)
Қызыл + тоғай (шатқал. Алматы обл., Алакөл ауд.)
Қызыл + тоған (қоныс. Алматы обл., Кербұлақ ауд.)
Қызыл + топырақ (қоныс. Ақмола обл., Атбасар ауд.)
Қызыл + төбе (жота. Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауд.)
Қызыл + ту (е.м. Ақмола обл., Ақкөл ауд.)
Қызыл + тұз (бұлақ. Жамбыл обл., Сарысу ауд.)
Қызыл + тұма (бұлақ. Жамбыл обл., Сарысу ауд.)
Қызыл + тұмсық (қыстау. Атырау обл., Индер ауд.)
Қызыл + тұмсық + мола (бейіт. Ақтөбе обл., Шалқар ауд.)
Қызыл + тымақ (е.м. Павлодар обл., Баянауыл ауд.)
Қызыл + ұйым (е.м. Ақмола обл., Еңбекшілдер ауд.)
Қызыл + ұшқар (тұзды көл. Павлодар обл., Қашыр ауд.)
Қызыл + үй (ауыл. Атырау обл., Исатай ауд.)
Қызыл + шабыра (тау. Қарағанды обл., Нұра ауд.)
Қызыл + шаң (қыстау. Павлодар обл., Баянауыл ауд.)
Қызыл + шаруа (е.м. Жамбыл ауд.Тұрар Рысқұлов ауд.)
Қызыл + шарық (е.м. Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауд.)
Қызыл + шекара (е.м. Алматы обл., Райымбек ауд.)
Қызыл + школ (е.м. Алматы обл., Кербұлақ ауд.)
Қызыл + шоқы (қыстау. ШҚО, Тарбағатай ауд.)
Қызыл + шоқы + сай (өзен. Алматы обл., Кербұлақ ауд.)
Қызыл + шың (тау, 477 м. Қостанай обл., Арқалық қ.ә.)
Қызыл + шілік (қоныс. Алматы обл., Панфилов ауд.)
Байқағанымыздай, қазақ жерінде «қызыл» түсімен байланысты жер-су, елдімекен атаулары көп. Оның кейбірі географиялық нысанның түр-түсін білдірсе, енді бірі саяси мәнге ие болып, тарихи деректер мен оқиғаларды еске салады.
«Қызыл» сөзімен жасалған кейбір жер-су атауларының бір сыңары көне және кірме сөздерден жасалған. Оның мағынасына тоқтала кеткен жөн.
Қызылабад – мұндағы абад (ават) ир. «елді мекен», «қала», «ауыл» мағынасын және «бай, дамыған, берекелі, өңделген жер» мағынасын қатар береді [46;36]. Қызылабад «гүлденген кеңестік ауыл» семантикасын беретіні шек келтірмейді.
Қызылақырап – екінші сыңары ақырап араб тілінен аударғанда «ескіше октябрь айының аты» шығады. Ендеше Қызылақырап тура мағынасында «Қызылоктябрь» кеңестік ойконимін жасайды.
Қызыларай – географиялық топонимиканың маманы Ғ.Қоңқашпаев арай сыңарын моңғ. «орой» «бір нәрсенің төбесі, басы» сөзінен шығарып, Қызыларай оронимінің «қызыл шың» мәнінде тұрғанын келтіреді.
Сондай-ақ ир. арай сөзінің «таң атар кездегі күн шапағы, шұғыласы» мағынасымен, «артынан қызыл арайға бөлеп, күн көтерілетін тау» деген семантика беруі де мүмкін.
Қызыләуіт – мұндағы әуіт сөзіне түсіндірме сөздікте «құдықтың, арықтың жанында су сақтайтын шұқыр» зат есімі ретінде анықтама беріледі , бірақ кірме сөз екені айтылмайды. Бұл сөз ар. havz, havuz > хауз «су қоймасы, бассейн» сөзінен шығатын сыңайлы. Қызыләуіт «қызыл топырақпен қоршалған су қоймасы» немесе «қызылдар салған фонтан» мағыналарының бірінде тұр.
Қызылбайрақ – біріккен атаудың екінші сыңары байрақ – түрк. байыр «төбе, дөң, томпақ» сөзі мен -ақ, -ек «кішірейткіш жұрнағы» арқылы жасалған . Сонда Қызылбайрақ атауы «қызыл тасты не топырақты төбешік, дөңес» мағынасында тұр деуге болады.
Қызылжан – «қызыл түсті әлдебір ірі географиялық нысанның (таудың, көлдің т.б.) жаны, қасы» мағынасында тұр.
Қызылжел – «үнемі, тынбай соғатын өткір, суық желі бар жерді» білдіреді.
Қызылкеніш – мұндағы кеніш сөзі «береке, байлық, мол қазына байлық» мәнін де беретіні бар (мәселен, Сүлеймен патшаның кеніші). Онда Қызылкеніш сарайында қазына байлық болды деген ұғым туады.
Ал павлодарлық археологтардың айтуынша, Қызылкеніш сарайы Қарқаралы – Кент тауларында XVII ғасырда салынған қалмақтардың пұтханасы болған. Ендеше кент, кеніш сөздерінің негізінде қалм. кид < моңғ. хийд «діни ғибадатхана» сөзі жатуы мүмкін. Өйткені Өскемен маңында Аблайнхийд пұтханасы болған жерді қазақша Абылайкет, орысша Аблакетка деп атап кеткені мәлім.
Қызылкең – «қызыл түсті кең жер, дала» мәнін береді. Кең, тар сөздері кейде жер-су атауларын жасаушы ретінде қолданылады.
Қызылкесекмола – мұндағы екінші сыңардағы кесек сөзі қазіргі кірпіш сөзінің орнына жүргені байқалады: «қызыл кесектен (кірпіштен) соғылған мола». О.Сүлейменов кірпіш сөзін ататүрік тілінен шығарса да, қазақ тілінде кесек сөзі қолданылғанын осыдан аңғарамыз.
Қызылкесік – түсіндірме сөздікте кесік «жаза тартқызу үшін шығарылған шешім, кесім» зат есімі түрінде түсіндіріледі. Ал жер-су атауына келгенде, «қызылдар (кеңес үкіметі) өлшеп, кесіп берген жер» мағынасында қолданылған. Колхоздастыру кезінде пайда болған ойконим: қазіргі «жер телімі» тіркесіне сәйкес келеді.
Қызылқыз – Қазақстанда кездесетін Алтықыз, Семізқыз, Қызылқыз тәрізді атаулар Алтықыр, Семізқыр, Қызылқыр топонимдерінің көне нұсқасы деуге болады. Оған себеп – тіліміздің тарихында бар ротоцизм құбылысы (з ~ р дыбыс алмасуы).
Қызылқұрт – мұндағы құрт Қазықұрт, Башқұрт жалқы есімдерінің құрамында кездеседі және көне түркі. «қасқыр, бөрі» мағынасын береді. Қызылқұрт тура мағынасында «қызыл қасқыр» деген атау. Қызыл қасқыр сирек болса да Қазақстан жерінде кездеседі.
Қызылсөк – «Жеріңнің аты – еліңнің хаты» атты энциклопедиялық анықтамалықта Қызылсоқ түрінде берген.
Күрделі атаудың екінші сыңары сөк «қауызынан арылған ақталған тары» мәніндегі сөз екені белгілі. Топоним ретінде қызыл түсті домалақ тастарды шашылған тарыға ұқсату арқылы Қызылсөк оронимі қалыптасуы ықтимал.
Қызылұшқар – мұндағы ұшқар сөзі көне түркі. учқаш «мінгесіп – ұшқасып» тіркесіндегі сөз болуы мүмкін. Өйткені көл Қарасуық көлінің солтүстік-шығысында орналасқан. «Қызыл түсті жалғасқан, ұштасқан көл» мағынасында. Ұшқар «биік ұшпа тас» мәнін де жасай алады.
Қызылшабыра – тілімізде шабыра сөзінің екі мағынасы кездеседі: 1) шабыра «ешкі терісінен жасалған былғары» (түсіндірме сөздікте) ; 2) Жамбыл облысына тән диалект сөз шабыра «шыбықтан жасалатын кәрзеңке» (С.Аманжоловтың жазуынша).
Қызылшабыра тауы Қарағанды облысында екенін ескерсек және атау жасауға ең әуелі әдеби тілдегі сөздің мүмкіндігі мол болатынын ескерсек, ороним бірінші мағынада жасалған дейміз. Таудың түсін, жер бедерін ешкі терісінен иленген жұмсақ және жұқа былғарыға ұқсатудан туған атау болып шығады. Ешкі терісінен тігілген әлдебір ыдысқа теңеудің де, талдан тоқылған кәрзеңкеге ұқсатудың да, топонимжасамда қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.
Қызылшарық – мұндағы шарық ар., парсы sary (шарқ) «шығыс» сөзі кеңестік саяси термин қызыл анықтауышымен бірігіп, «қызыл шығыс» мәніндегі Қызылшарық ойконимін жасаған. Саяси атаулар жасаудағы коммунистердің тапқырлығына таң қалмасқа болмайды.
Дәл осы тұлғада келіп (Қызылшарық), «қызыл түсті шарық (қайрақ) тасы бар жер» семантикалы табиғи топоним жасалуы да әбден мүмкін.
Материал Бердібек Бияровтың еңбектері бойынша дайындалды
Қ. Слямбек