Еліміздің мемлекеттік рәміздері қалай қабылданды? #2

Еліміздің мемлекеттік рәміздері қалай қабылданды? #2
Фото: altaynews.kz

Басы

- Нұрсұлтан Назарбаев қызу талқыға араласуы тиіс болатын. Елбасы: «Сіздер мынадай талқылау арқылы тағы бірнеше айға дейін созасыздар. Мен іс-сапарға кетіп барамын. Ендеше мен шетелге қандай жалаумен баруым керек? Кеңестің орақ пен балғасын ұстап отырған тек біз ғана. Ұлттық танымға ие белгілерді талдағанда шегі жоқ пікірталас туатыны рас. Тек бізге ортақ шешімді табу керек»,  деген болатын.

- Мемлекеттік жалаудың көк түсі ғана талқылана қоймады. Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев: «Бірегей көк түс көп ұлтты халықтың бірлігін білдіреді. Біз оны ең басында таңдадық және соңына дейін сол шешіммен шектелдік. Белгілердің ішінде Күннің орын алуы біздің шығыста өмір сүретінімізді дәйектейді. Аймағында Тянь-Шань таулары жатқан елміз. Ал бүркіт – ұлттық символ бола алатын танымбелгі. Осындай қазақтың қайраты бүкіл халыққа бірдей болуы тиіс», - деді.

- Ел президентінің сараптау барысында айтқан сөздері жалпы шешімге әсер етіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылдануында көптеген депутаттардың дауысын жинады.

- Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің отырысында Елбасы: «Мемлекеттік жалау мен елтаңбаның жаңа нұсқаларының басты идеясы Қазақстан Республикасының демократиялық және құқықтық ел болып құрылуына, жаңа қоғамның дамуына, ел азаматтарының суверенитетті түрде дамуы мен көп ұлтты халықтың бірлігіне негізделеді», - деді.

- 2004 жылы құрылған Ұлт Көшбасшысының Кітапханасы Елбасының барлық мұрағаты мен жинағын қамтиды. Президенттік кітапханалар тарихына тоқталсақ, мұндай орталық тек АҚШ президенті Теодор Рузвельттің бастауымен құрылған. Ол кейіннен Теодор Рузвельт атындағы мемлекеттік мұражайға айналады. 

Ж. Өрісбай