- Негізгі бет
- Түп тамыр
- Болашаққа бағдар алған...
Болашаққа бағдар алған тұлғалардың сөздері
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" – бір Елбасының ғана талдауында болатын мақала емес. Себебі ел болып жұмыла талдап, жан-жақты ат салысу Қазақстан азаматының парызы. Себебі техникаға мойындарын бұрып кеткен ғасырда, руханиятты өлтіріп алмау – үлкен ерлік. Ал осы ерлікті біздің тұлғалар өздерінше топшалап көрді.
Тынысбек Шәріпұлы, ҚР ҰҒА академигі:
- Бұрын техиника, экономика бәрін шешеді деп ойлаушы едік. Қазір бәрі өзгеріп жатқан заманда ұлттық сана шешеді. Егер халық өте білімді болса, ол тез кез келген нәрсеге бейімделіп кетеді. Өнеркәсіп, экономика, саясат жөнінен тез бейімделіп кетеді. Сондықтан бірінші жетістікке тез жететін экономика емес, ұлттық сана болады. Білім мен ғылымға көп көңіл бөлініп жатыр.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2013 жылы қолыма біздің отбасымыз 70 жыл бойы іздеген атамыздың құжаттары түсті. Сол құжаттардың арасында өз зайыбына жазған хаттары болды. Бұл хаттар латын қарпімен жазылғаннан кейін, кішкене қорқып соны оқуға тырыстым. Қазақ тілінде, бірақ латын әрпімен жазылған. Байқап қарасам, ешқандай қиындығы жоқ. Латын қарпі ашық дүниеге, батыс елдерге жол ашып отыр, одан қорқатын ештеңе жоқ.
Бүркітбай Аяған, тарихшы:
- Адамды тәрбилеуге арналған тарих ғылымын дамыту, социология, саясатттану, мәдениеттану сияқты әртүрлі салалар бар. Біз соларды пайдалану арқылы кәдімгі талапқа сай басқа ұлттарға кәдімгі терезесі тең ұлттардың бірі болуымыз керек. Бұл өте маңызды идея, осыны біз ұмытпауымыз керек. Баяғыда кеңес үкіметі кезінде біз туралы малшы, киіз үйден шықпайтын, қолына қамшы ұстайтын көзі сығырайған образ болды. Енді сол шырмаудан революциялық жолмен, үлкен қақтығыстар арқылы емес, эволюциялық жолмен шығуымыз керек.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Бұл тек мақала ғана емес. Бұл мазмұны терең, ауқымы өте кең ұлт руханиятын 21 ғасырдың биігіне шығаратын үлкен бағдарламалық құжат. Тәуелсіз Қазақстанның жастары, Елбасының жүрегінен шыққан ең асыл сөздер сіздерге арналады. Егер сіз 21 ғасырда халқыңызға пайда келтіргіңіз келсе, халқыңыздың атын дүние жүзіне шығарғыңыз келсе, ең алдымен ұлт руханиятынан бастауларыңыз керек.
М. Ақан