- Негізгі бет
- Түп тамыр
- Алматы қаласына неге...
Алматы қаласына неге 1000 жыл?
Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде аса ауқымды деңгейде тойлап жатырмыз. Алайда бұл қандай кезеңнен басталған санақ, неге сүйеніп берілген ақпарат, 1000 жыл бұрын да Алматыны қазақтар мекендеген бе деген сауалдарға жауап таппаған оқырман көп екен.
Бұл шаһарда 1967 жылы орыс мұжықтары «Верный» («Діні бар қала») бекінісін тұрғызған. Жұртшылық осы кезеңді есепке алып, шамамен 150 жылдық тарихы бар қалада 1000 жыл ұғымы қалай туды деп таңырқап жүр. Сонда оған дейін қала болмағаны ма?
Ең алдымен түп атамыз – Райымбек батырды мысалға алайық. Ол 1705-1785 жылдары Алматы облысы, Нарынқол ауданында туған. Қолбасшылығымен, батырлығымен қоса, әулиелік қасиеті болған. Қайтыс болар алдында:
«Елім – Албан,
Жерім – Жетісу.
Жайлауым – Асы,
Қыстауым – Алматының басы»,– деп, – «денемді ақ түйеге артып, басын бос жіберіңдер. Ол қай жерге барып шөксе, сол жерге жерлеңдер» деген өсиет айтып кеткен.
Екінші дәлел – суреттегі ділдәлар. Күмістен құйылған тиындарда Алмату деген анық жазу бар. 1979 жылы қазба жұмыстары кезінде табылған дирхемдер 8 ғасыр бұрын жасалғаны анықталды.
Алматының мерейтойын тойлау туралы дау биыл ғана туып отырған жоқ. Ол бұрыннан бері, тіпті Шоқан Уәлиханов кезеңінде де таласты мәселе болған. Сол кезеңде ол арнайы зерттеу жүргізіп: «Айтылып, жазылып жүргендей Верный қаласы тақыр жерде пайда болмаған. Ол бұрыннан орныққан қазақ ауылының, қазақ елді мекенінің жанынан құрылған. Верный қаласының өзегі нақ сол елді мекеннің кіндігіне байланған»,– деген дерек қалдырып, мәселенің мән-жайын ашуға үлес қосты.
Қала 1000 жылдығына дәлел боларлық тағы да толығырақ ақпарат қажет десеңіз, мына сілтемеге өтіңіз.
@. @assel_assanova