Ахмет Байтұрсынұлының туғанына бүгін 147 жыл толып отыр.
Ақын қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында өмірге келген. XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі болған Ахмет "әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететінін" айтатын.
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі (Ерғазы) Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Қазақта "Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді" деген сөз бар. Кемеңгер, білімді тұлғаның ата-тек шежіресін назарларыңызға ұсынамыз.