Германияның «Вольфсбург» командасы мен Бельгия жастар құрамасының белді футболшысы Жуниор Маланда жол апатынан қаза тапты.
Неміс басылымдары таратқан ақпарат бойынша, футболшы достарымен бірге «Volkswagen Touareg» көлігімен келе жатып жол апатына ұшыраған. Жергілікті полицейлер жол апатының себебін жаңбырлы күн мен жылдамдықты шектен тыс арттыру салдарынан орын алғанын мәлімдеп отыр. 20 жастағы Жуниор Маланда көліктің артқы орындығында отырған. Жол жиегіндегі ағашқа соғылғаннан кейін футболшы оқиға орнында қаза тапса, өзгелері ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Жуниор Маланда немістің «Вольфсбург» командасына 2013 жылы Бельгияның «Зюльте-Варегем» командасынан ауысып келген. Клуб сапында барлығы 23 ойынға қатысып, 2 гол соққан. Алаңда көбіне шабуыл шебіне көмектесетін жартылай қорғаушы рөлінде өнер көрсетіп келген. Сонымен қатар, Бельгия жастар құрамасы қатарында 15 ойынға шығып, 2 гол соққан.
Футболшы маусым басында бірнеше рет ашық қақпаны көздей алмай да әлем жұртшылығы назарына іліккен болатын.
І тур. Бавария - Вольфсбург
ІІ тур. Вольфсбург - Айнтрахт Франкфурт
Сурет: eurosport.ru