Баскетбол ойынындағы үш ұпайлық доп лақтыру сәтін көрсеткен видео YouTube видео-сервисінде рекорд жаңартты.
Америкадағы Нью-Рошелль қаласының мектеп баскетболшысы Халил Эднидың доп салуын екі сағаттың ішінде миллионнан астам адам көрген.
Ойын соңындағы шешуші допты БАҚ «Ессіз доп» деп те атап кетіпті. Эднидың шиырған добы Маунт-Вернон қаласымен болған ойынның тағдырын шешіп кетті. Ойын 3 наурызда өткен еді. Ойынның аяқталуына 3 минут қалған кезде Маунт-Вернон қаласының баскетболшылары 10 ұпаймен алда келе жатқан.
Нью-Рошелль ойыншылары бұл айырманы қысқарта білді, ысқырыққа 2,9 секунд қалғанда 60:58 есебімен жеңіліп тұрғанда, Эдни допты ойынға қосады. Допқа таласқан сәтте қарсылас команда ширақ көрініп, дереу арада әрекет жасап жатыр еді, Эдни өз шеберлігімен допты қағып, қағып қана қоймай, бірден шеңберге қарай шиырып жібереді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Oia21zT_gcQ","width":"450","height":"320"});
Алғашқы сәтте ойын төрешілері уақыттың өтіп кеткеніне байланысты ұпайды санамаған еді, ал қайтара бір кеңескен соң, Нью-Рошелль командасының қанжығасына 3 ұпай жазылып, олар жеңіске жетті.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com