Daily Mail Робин ван Персимен суретке түскен барбадостық даяршы екі аптаға жұмыстан босатылды деп хабарлайды.
"Қызыл сойқандар" командасының табынушысы жұмыс орнында ван Персидің VIP-залда отырғанын көріп, бірге суретке түсуін өтінген. Өз кезегінде, "қызғалдақтар елінің" ойыншысы қуана-қуана келісім берген көрінеді.
Мейрамхана әкімшілігі тамақтанатын орында даяршының мобильді телефон қолданғанын жүгенсіздік санап, даяршыны екі аптаға жұмыстан босату туралы шешім шығарыпты.
Әріптесінің өтініші бойынша суретке түсірмек болған екінші бір даяршы да жұмыстан шеттетіліпті.
Ван Перси осы күндері Барбадоста әйелімен және екі баласымен демалыста жүр екен.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: footballhd.ru